Шымкент: «Кітап Live-2024»: кітап оқыған бала арманшыл болады

15 мамыр, 14:24

Қолдан смартфон түспейтін қазіргі заманда балалар мен жастарды кітап оқуға тарту қажет-ақ. Сондықтан Шымшаһарда «Кітап Live-2024» байқауының өткізілуі – барлық өңірде қолға алынатындай құптарлық іс.

Міне, екі айға созылған кітап оқу байқауы да өз мәресіне жетті. Бастапқыда 500-ге жуық бала қатысқан сайыстан ақтық кезеңге 22 оқушы өтті. Соңғы сынақта үміткерлер Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің сахнасында бақ сынады. Байқауда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сөз сөйлеп, кітап оқуға құштар жасөспірімдерге сәттілік тіледі.

«Кітап — бітпейтін байлық, таусылмайтын қазына. Баланың кітап оқығаны дұрыс екендігін білеміз. Кітап мидың көкжиегін кеңейтеді. Кітап оқыған бала арманшыл, қиялшыл болады. Кітап оқыған бала ешқашан қатігездікке бармайды. Осы тұрғыдан келгенде бүгінгі өткізіліп отырған байқаудың үлкен мәні бар. Сондықтан бүгінгі байқауды ұйымдастырушы Қаратау дәстүрлі өнер мектебіне және демеушілік жасап отырған KEREGE GROUP компаниясына шын жүректен алғысымды білдіремін. Қатысушыларға сәттілік, шын жүйріктер жүлделі болады деп сенемін», – деді Сәрсен Абайұлы.

Байқауға қатысқан оқушылар ең алдымен әлеуметтік желіде сайысқа түскен. Екінші кезеңге өткендер Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабының желісі бойынша тест тапсырды. Тестке қатысқан 300 оқушыдан ақтық сынға 22 үміткер жолдама алған.

Ақтық сайыста үміткерлер қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларын мәнерлеп оқып, алдын ала дайындалған сұрақтарға жауап берді. Қазылар алқасы құрамында ақын, аудармашы Абай Қалшабек, айтыскер ақын, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова, журналист, Парасат орденінің иегері, қазылар алқасының төрағасы Бақтияр Тайжан, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Әсет Әссанди, айтыскер ақын, Қазақстан ақпарат саласының үздігі Қажымұхан Абзалов болды. Олар оқушылардың өнеріне әділ бағасын берді.

Ақырында 500 адам қатысқан байқауда топ жарып, жүлделі орынды екі оқушы қыз жеңіп алды.

Кіші топтан — №115 мектеп оқушысы Айдана Досжан, үлкен топтан № 97 мектеп оқушысы Есенбай Ақниет бас жүлдені ұтып алды. Оларға IPHONE 15 телефоны табыс етілді.

Сонымен қатар бірінші орын алған оқушыларға ноутбуктер, екінші орынға смартфондар, үшінші орын иегерлеріне планшеттер, арнайы жүлде алған оқушыларға смарт-сағаттар табысталды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы білім басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде