jasqazaq.kz

Шымкент: Құрылыс кеңесінің мақсаты – қаланы тартымды ету

14 маусым 2024, 15:18

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласын тұрғындар үшін қолайлы, туристер үшін тартымды болуы тиіс мақсатында көп шаруа қолға алынып, жүйелі түрде атқарылып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда қаланың инфрақұрылымын дамыту, ғимараттарды заманауи талаптарға сай етуге де зор мән беріледі. Бұл орайда қала әкімдігі алдында қаладағы құрылысты қадағалап, сәулетін көркейте түсу міндеті тұр.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылыстық кеңесінің отырысын өткізді. Айта кету керек, құрылыстық кеңестің жиыны соңғы рет 2018 жылы өткізілген болатын.

Отырысқа қатысқан сәулетшілер, құрылысшылар, инженерлер мен тиісті сала басшылары мегаполистің Бас жоспарына, қаланың аумақтық дамуына және жиындарды өткізу регламентіне сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды қарастырып, талқылады.

Шаһар басшысы кеңестің қала құрылысы саясатын іске асыру кезінде шешімдер қабылдаудың тиімділігін арттыру және қаланың сәулет саласындағы дамуын қамтамасыз ету үшін құрылғанын атап өтті.
«Кеңестің негізгі мақсаты — қаланың инфрақұрылымын, көп қабатты тұрғын үйлерін, қоғамдық-іскерлік ғимараттар мен саябақтарды жалпы қаланың көрінісін жергілікті тұрғындар мен қоңақтар үшін тартымдылығын арттыру. Кеңес мүшелерінің арасында алдағы уақытта мәселелерді қарауда ешбір жеке қызығушылық болмауы тиіс», – деді Ғабит Сыздықбеков.

Кеңес төрағасы болып қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы Асылов тағайындалды. Оның айтуынша, кеңестің негізгі қызметі — қала құрылысындағы жобалардың, Бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес іске асырылуының тиімділігін арттыру мақсатында қарау.

Сонымен қатар, жиын барысында қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков Бас жоспарға сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, қатысушыларды алдын ала жасалған жұмыстармен таныстырды.
Бұдан кейін 29 адамнан тұратын кеңес отырыстарын айына бір рет өткізу жоспарлануда. Кеңестің жұмыс органы — Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы атынан өкілдік ететін «Шымкентбасжоспар» КММ мекемесі болып табылады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды