Шымкент: Құрылыс, абаттандыру және зауыт салу

17 мамыр, 14:22

Шымшаһардың тұрғындары мен қонақтар үшін барынша қолайлы болуы үшін оның үздіксіз дамып, гүлденуін қала әкімдігі ұдайы назарда ұстайды.

Мәселен, Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақ – қаладағы ең көрікті орынның бірі. Күннің аптап ыстығында қала тұрғындары да, қонақтар да осында келіп, серуендегенді ұнатады. Саябақта жүгіріп, дене шынықтырумен айналысатындар да көп. Сондықтан шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков қаланы жаяу аралау барысында, ерекше қорғалатын табиғи аймақ саналатын дендросаябаққа кіру уақытын ұзарту бойынша тапсырма берген еді. Сөйтіп тұрғындардың өтініші орындалып, саябаққа кіру уақытын таңғы 05:00 ден түнгі сағат 00:00 ге дейін ұзарту бойынша шешім қабылданды.

Бүгін де Ғабит Сыздықбеков бірқатар құрылыс нысандарын жаяу аралады. Абай ауданындағы «Union» тұрғын үй кешенінің, сондай-ақ Тельман шағын ауданындағы 1200 орындық мектептің құрылысына барып, ондағы жұмыстармен танысты. Жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді.

Тұран ауданында Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімі ғимаратына барды.

Бөлімшенің материалдық-техникалық жабдықталуы, жауынгерлік даярлығы және әскери қызметкерлердің қару-жарақтарымен танысты. Әл Фараби ауданындағы «Көлді» абаттандыру жұмысымен де жаяу аралап, құрылысты сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсыру қажеттігін айтты. Одан кейін зообақтың, Шаяхметов және Ерімбетов көшелерінің санитарлық жағдайын тексерді. Салалық басқарма басшыларына абаттандыру және көшелерді жарықтандыру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ қоқыс шығару жұмысын ерекше бақылауға алу керек екендігін ескертті.

Ғабит Сыздықбеков сондай-ақ «Jiangsu Coastal Steel Group Co Ltd» ірі корпорациясының құрамына кіретін қытай компанияларының басшыларымен де кездесті. Болат өндіруде және халықаралық саудада тәжірибесі мол компания елімізге жалпы сомасы 1,75 млрд доллар инвестициялауға дайын. Шымкентте бес жыл ішінде үш кезеңде болат өндіретін металлургиялық зауыт салу жоспарлануда.
Кәсіпорын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әлемдегі ең озық технологияларды пайдаланады. Жылдық өндірістік қуаты 5 миллион тоннаны құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында 1000 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қытай кәсіпкерлер бүгінде Шымкентте инвестиция тарту үшін барлық жағдай бар екенін атап өтті. Зауыт іске қосылса, басқа да жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Қала әкімі бұл жобаны Шымкентте жүзеге асыруға, қажетті инфрақұрылыммен қамтуға, сонымен қатар барлық кезеңдерінде әкімшілік қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде