jasqazaq.kz

Шымкент: Қыркүйек айында 14 балабақша пайдалануға беріледі

20 тамыз 2024, 14:11

Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Осыған орай Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифинг алаңында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева биылғы жылғы білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы туралы есеп берді.

Басқарма басшысы келтірген мәлімет бойынша, Шымкент қаласында 982 білім беру мекемесі бар. Онда 415 908 бала білім алуда. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақсатында өткен жылы 30 балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2 945 орынға мемлекеттік тапсырыс берілген. Ал биыл мектепке дейінгі біліммен қамту, жекеменшік балабақша есебінен санын арттыру бағытында мемлекеттік тапсырыс негізінде 3150 орынмен қамту жоспарланған.

Нұргүл Шәмшиева: «Мемлекет басшысы «Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуі тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады», — деген болатын. Осы мақсатта Шымкентте «Бір топта күні бойы екі педагог» пилоттық жобасы іске асырылды. Қаладағы 3 балабақшада — №56 және №63 мемлекеттік, «Әйгерім» жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымында жүргізіліп отыр. Айта кетейік, Шымкентте 2025 жылға 2-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етуді 95,2 пайызға жеткізу мақсатында жаңа 9000 орын ашу жоспарланған», — деді.

71 193 баланы балабақшадағы орынмен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 43,6 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде ағымдағы жылдың сәуір айында 1050 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Жоспар бойынша биыл пайдалануға берілетін 32 балабақшаның сәуір айында 13-і ашылып, 117,3 млн теңге қаржыға 242 орын мемлекеттік тапсырысы берілді. Соның нәтижесінде 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 86 387 баланың – 86,6 пайызы (76 216 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылса,

2-6 жас аралығындағы 83 590 баланың 89,3 пайызы (74 661 бала) қамтылған.
Биыл жыл соңына дейін балабақшаларды мемлекеттік тапсырыс аясында қосымша 2100 орынмен қамтамасыз ету күтілуде: 1 қыркүйекке дейін 1100 орын, жыл соңына дейін 1000 орын. 100 орын ата-аналарға ваучер беру арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, қыркүйек айында 14 балабақша және желтоқсан айында 5 балабақша ашылуы тиіс.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр