Шымкент: Қорғансыз жандардың мүддесі заңмен қорғалады

15 сәуiр, 16:10

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасап, құқығын қорғауға айрықша маңыз беріледі. Соның ішінде психоневрологиялық ауруға шалдыққан жандарды жан-жақты қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Шымкент қаласында бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның бірі – жуырда өткізілген қорғаншылықтағы әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқығын қорғау мәселесі бойынша құқықтық кеңес беру күні. Бұл іс-шараны қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қаладағы өкілі ұйымдастырды. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жиында 18 жасқа толған психоневрологиялық ауруы бар жандарға қорғаншылық тағайындау мәселесі сөз болды. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу және құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі бөлім басшысы Гүлжазира Қасымова баяндама жасап, кәмелеттік жасқа толған әрекетке қабілетсіз жандарды қорғау жөнінде тарқатып айтты.

«Соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелет жасқа толған адамдарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жүзеге асырады. Олардың заңды мүдделерін қорғау, мүліктік және мүліктік емес қатынастарын реттеу, қорғаншы мен қамқоршылардың өз міндеттерін атқаруда жауапкершілігін қарау бойынша жұмыстарына бақылау жасайды. Ол үшін ең алдымен психоневрологиялық ауруы бар азаматтың жақын туыстары сотқа талап арызбен жүгінеді. 18 жасқа дейін науқасқа ата-анасы қамқор болса, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін соттың шешімімен «әрекетке қабілетсіз» деп танылғаннан кейін біздің басқарма тарапынан оған жақын туыстарын қорғаншы етіп тағайындаймыз, жақын туыстары жоқ болған жағдайда заң талаптарына сәйкес басқармаға арнаулы әлеуметтік мекемелерге орналастырылады. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ол адамды өз қорғаншылығына алады», — деді Гүлжазира Қасымова.

Аталмыш іс-шараға әділет департаменті, еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мамандары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ қалалық филиалының қызметкерлері, білім мен денсаулық сақтау басқармасының мамандары және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент бойынша өкілі қатысып, тұрғындар толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды