jasqazaq.kz

Шымкент: Қоғамдық көлік саласында өзгеріс көп

20 маусым 2024, 13:37

Шымкент қаласында қоғамдық көлік мәселесі өзекті екенін ескере отырып, биылдан бастап бірқатар өзгерістер енгізілді. 2020 жылы қалалық мәслихатта жолаушылар көлігін дамытудың кешенді кестесі бекітілді. Оған сәйкес, 77 бағытты құрайтын жаңа маршруттық желісі әзірленді. Маршруттық желісімен 6 ХАБ, 33 жеткізуші, 39 магистральды және 6 айналма маршруттары қаралған. Бүгінгі танда оның 640-ы газ метанмен, 464-і дизельмен және 36-сы бензинмен жүреді. Осы және қоғамдық көлік саласындағы басқа да жаңалықтарға Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов кеңінен тоқталды.

Оның айтуынша, қала аумағындағы және шет жағындағы барлық шағын аудандар мен тұрғын алаптар қоғамдық көлікпен 100 пайыз қамтылған.

Қазіргі уақытта күнделікті 916 автобус және 11 тасымалдаушы компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. 2024 жылғы 5 айда 36 738 679 тасымалданған. Жалпы автобус саны резервпен қоса 1140-ке жетті.

Басқарма басшысы: «Биыл Шымкент қаласында 229 қоғамдық көлік жаңарту жоспарлануда. Оның ішінде, бүгінде «Автоимпульс» ЖШС тарапынан «Zhongtong» маркалы 5 жаңа автобус наурыз айынан бастап, «Санжар моторс» ЖШС және ЖК «Абдуганиев» «SAZ LE 60» маркалы 12 автобус мамыр айынан бастап, «Ман-оңтүстік» ЖШС «Youtong» маркалы 3 жаңа автобус қызмет көрсетуде. Бүгінде қаладағы 1142 автобустың 95 пайызға жуығы соңғы 5 жылда алынған. Қоғамдық көліктер жыл сайын кезең-кезеңімен жаңартылуда. Биыл 10 мамырдан бастап қалада валидаторлар төлем қабылдауды бастады», — деді.

Аталған жүйе әдеттегідей көлік картамен, Avtobys мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth, NFC, QR кодтары және контактісіз банк карталары арқылы төлемдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл қосымша арқылы мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және басқа санаттар үшін көлік карталарын сатып алмай-ақ, жеңілдетілген тарифтерді пайдалана алады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда қоғамдық көліктерде аялдаманы дыбыстағыш құрылғымен қамту жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде бұл құрылғы №12, №27, №35, №74, №84 бағыттағы жолаушылар көлігінде жалпы саны 110 автобуста орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 500 көлікте аялдамалар дыбыс құралымен хабарланады деп жоспарланды.

Айта кетейік, қоғамдық көлік жүргізушілеріне бірыңғай киім үлгісінің дизайн бекітіліп, тасымалдаушы компанияларға қамтамасыз ету міндеттелген.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?