Шымкент: «Қоғамдық қабылдауда» тұрғындардың арыз-шағымы тыңдалды

04 шiлде, 14:22

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру – Шымшаһарда жүзеге асырылып жатқан маңызды бағыттың бірі. Бұл орайда «Қоғамдық қабылдау» үрдісі өз жемісін беріп келеді. «Қоғамдық қабылдауда» тұрғындардың арыз-шағымы тыңдалып, оларды шешу жолдары да бір ізге қойылуда. Мәселен, Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков ай сайын қала тұрғындарын қабылдап, арыз-шағымын тыңдайды. Осы жолғы қабылдау барысында қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдіктері және басқарма басшылары азаматтардың талап-тілегін тыңдап, заң аясында шешу жолын қарастырды. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімінің орынбасары Айдын Мейрамбекұлы әлеуметтік салаға қатысты өтініш айтып келген азаматтарды қабылдады. Тұрғындар әкім орынбасарына мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі мәселесін жеткізді.

Сонымен қатар, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың әлеуметтік бағыттағы шағымдары мен ұсыныстарын тыңдап, заң шеңберінде кеңес пен бағыт-бағдар берді. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар негізінен қайтарымсыз грант пен мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасу жөніндегі өтінішін жеткізді. Сондай-ақ тұрғындардың көпшілігі зейнет жасына шыққаннан кейінгі жұмыспен қамту мәселесі, мүгедектігі бойынша жұмысқа орналасу, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемдерді алу, әлдеуметтік осал топтардың әл-ауқатын көтеруге арналған бағдарламаларға қатысу, құжат жинау сынды мәселелерді көтерді. Басқарма басшылығы қоғамдық қабылдауға келген әр адамның өтінішін жеке тыңдап, кеңес берді. Сонымен қатар мәселелерді шешуге жауапты басқарма мамандарымен кеңес өткізетіндіктерін жеткізді.

Халықты жұмыспен қамту мен кәсіпкерлік бастамаларды қолдауда қайтарымсыз гранттың орны айрықша. Биыл 426 адамға қайтарымсыз қаржы беру жоспарланып, жуырда өткен алғашқы лектің комиссия отырысында 214 адамға грант мақұлданды. Бұл да өз кезегінде шағын кәсібін ашып, жұмысын дөңгелеткісі келетіндерге үлкен серпін. Қазіргі сәтте грант иегерлері қаржыны алып, өздері қорғаған бизнес-жобаны жүзеге асыруға кірісіп жатыр. Олардың өзін өзі жұмыспен қамтуға, қоғамнан өз орнын тауып кәсіп иесі атануына мүмкіндік беріліп отыр. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының тұрғындарды жеке қабылдауы әр аптаның сәрсенбі күні өтеді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде