Шымкент: «Қазына» LAZGI» би фестивалінде топ жарды

13 мамыр, 12:11

Шырайлы Шымкент қаласында қазақ өнерін әлемге паш етіп жүрген «Қазына» би-ансамблі бар. Өнер ұжымы соңғы кездері толағай жетістіктерімен қуантып жүр.  Өзінің 35 жылдық тарихында өнер ұжымы қазақтың ұлттық өнерін дүние жүзіне паш етіп, қазақ өнерін әлемдік аренаға танытып келеді. Жуырда өнерпаздар Өзбекстанда өткен II Халықаралық «LAZGI» би фестивалінде жүлделі І орынды иеленді. Бұл туралы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Осыған орай, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек «Қазына» би ұжымын II Халықаралық «LAZGI» би фестивалінде жүлделі І орын алуымен құттықтап, өнерпаздарға жүрекжарды лебізін білдірді.

Сәрсен Абайұлы.«Қазына» би ансамблі қазақ өнерін әлемге танытып жүрген бірден бір үздік би ұжымы. Әр жеткен жетістігі үшін мақтанып, марқайып отырамыз. Алдағы уақыттарда бұдан да биік шыңдарды бағындырып, Қазақ елін әлемге танытады деп нық сеніммен айта аламын. Өнер әр кезде де биік тұрады. Кез келген халықты өнері, мәдениеті арқылы тануға болады. Ал біздің ұлттық болмысымыз, сіздердің өнерлеріңіз арқылы әлемге танылуда. Әр уақытта сіздерді  қолдаймыз, құрметтейміз. Жеңістеріңіз құтты болсын!» — деп ізгі тілегін жеткізді.

«Қазына» би ансамблінің алғашқы құрамы 1989 жылы әл-Фараби атындағы мәдениет институтының негізінде құрылған. Қазіргі таңда, ансамбльдің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Әжібекова Зауре Бекембайқызы.

Биыл  «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жыл толуын атап өту аясында «Fashion show by QAZYNA» іс-шарасы жоғары деңгейде аталып өткен болатын.

Жыл басынан бері өнер ұжымының жеткен жетістіктері жоқ емес, атап айтсақ: Астана қаласында өткен 19 наурыз күні, «НАУРЫЗ-2024» ұлттық сыйлығының «Үздік ұлттық би ансамблі» марапатына ие болса, Түркіменстан, Ашхабад қаласында өткен «Анев 2024 — Түркі әлемінің мәдени астанасы» ашылу салтанатына қатысты, Ресей мемлекетіндегі Пенза қаласында 5-9 сәуір аралығында «Қазына» халық би ансамблінің солистері Мельников Владислав, Исаева Тахмина және Тұнғышбаева Аделина VIII халықаралық «Өз жұлдызыңды жандыр» хореографиялық өнер байқау-фестивалінің Гран-при иегері атанды. Сондай-ақ Швейцария, Женева қаласында ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының ұйымдастыруымен өткен Түркі апталығында бой көрсетті.

Әлима Әлмерек,

Сурет: Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде