jasqazaq.kz

Шымкент: «Қазына» би ансамблі әлем назарын аударды

06 қыркүйек 2024, 12:23

Биыл Шымкенттің мәдени өмірі ерекше оқиғаларға толы болды, әсіресе, «Қазына» би ансамблінің жеңістері бүкіл елдің назарын аударды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев мәлімдеді.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өнердің биік шыңына қол жеткізіп жүрген ұжым 19 наурыз күні Астана қаласында өткен «НАУРЫЗ-2024» республикалық байқауында «Үздік ұлттық би ансамблі» атағын жеңіп алды. Бұл марапат ансамбльдің өнердегі кәсібилігі мен ұлттық мұраға деген зор құрметін дәлелдеді.
Сәуір айында «Қазына» би ұжымы халықаралық деңгейде де өзінің өнерін көрсетті. Ресейдің Пенза қаласында өткен VIII халықаралық хореографиялық өнер фестиваліне қатысқан ансамбль «ПРОФИ» номинациясында гран-при иегері атанып, қазақ би өнерінің әлеуетін тағы бір рет дәлелдеді. Одан бөлек, халық және заманауи билер бойынша төрт түрлі номинацияда I орынды иеленді. Ал Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен II Халықаралық «LAZGI» би фестивалінде I орынға ие болған ансамбль халықаралық деңгейдегі танымалдылығын одан әрі арттырды. Шымкенттік өнерпаздар Мемлекет басшысының шет мелекеттерге ресми сапарында да арнайы өнер көрсетіп, еліміздің мәдени өміріне белсене араласуда.
Басқарма басшысы «Қазына» би ансамбльінің тарихы мен жетістіктеріне де тоқталды. Ол: «Би тобының алғашқы құрамы 1986 жылы Әл-Фараби атындағы мәдениет институтының негізінде құрылды. Ол кезде «Қазына» ұлттық саз аспаптарымен бірге болатын. Ең алғашқы би жетекшісі – Сәуле Балбаракова, ал көркемдік жетекшісі – марқұм Мұса Жарқынбеков болған. 1995 жылы ансамбль тарап, 2003 жылы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филормония негізінде қайта құрылып, би тобына ҚР мәдениет қайраткері Зәуре Әжібекова жетекшілік жұмысын бастады. 2019 жылдан бастап «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК мекемесінде қызмет атқарып келеді».-деді.
Ансамбль тек байқаулармен шектелмей, гастрольдік сапарлармен де белсенді түрде өнер көрсетуде. «Қазына» ұжымы «Қазыналы алтын сандық» концерттік бағдарламасымен Көкшетау, Петропавл, Астана қалаларына сапар шегіп, көрермендердің қошеметіне бөленген. Ұжымның биік жетістіктері Шымкенттің мәдени дамуына зор үлес қосып, қаланың беделін халықаралық деңгейде арттыра түсуде.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды