Шымкент: «Қауіпсіз еңбек» адам капиталын сақтауға бағытталады

16 мамыр, 13:28

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының негізгі қызметінің бірі — жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау. Аталмыш мекеменің биылғы жылғы І тоқсандағы жұмысы туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар алаңында брифингте айтылды. Жиынға Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы

Бауыржан Қалжанов, «Кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қатысып, жан-жақты есеп берді.

Бауыржан Қалжанов келтірген деректерге сүйенсек, биылғы жылдың бастапқы үш айында Басқармаға азаматтардың 769 арыз-шағым келіп түсіп, оның 656 өтініші қаралды. 194 тексеру жүргізіліп, 546 бұзушылық анықталған. Бүгінде анықталған бұзушылықтардың 478 жойылып, заңға сәйкестендірілген.

Еңбек инспекциясы тарапынан анықталған бұзушылықтар бойынша 120 нұсқама беріліп, 4,3 млн теңгеге 105 айыппұл салынды. Оның ішінде 3,1 млн теңге көлемінде 100 айыппұл өндіріліп, 690 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалыпты.

Бауыржан Қалжанов: «Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 4 291 кәсіпорын жұмыс істейді. Жалпы қаладағы 1 765 кәсіпорында түзілген ұжымдық шарттар 41,1 пайызды құрады. Оның ішінде, ірі және орта кәсіпорындар арасында ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылғандардың үлесі 98,3 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, қаламызда «Еңбек жолы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталды. Конкурс номинациялары — «Үздік жас жұмысшы», «Үздік еңбек династиясы», «Жас қызметкерлердің үздік тәлімгері», — деді.

Ал Шымкент қаласындағы «Кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеев: «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бастамасымен және әлеуметтік әріптестердің қатысуымен қаламыздағы кәсіпорындармен мекемелерде «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын іске асыруда. Біздің ең басты құндылығымыз — еңбек адамы. Бұл бағдарлама еңбеккерлердің өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурудың, өндірістегі өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге, еңбек кауіпсіздігін жағдайларын жақсартуға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға және халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған», — деп атап өтті.
Жалпы Шымкент қаласы бойынша кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Бұған қатысты Бауыржан Қалжанов мынадай деректер келтірді: жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күні мегаполистегі 1 452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіліп жатыр. 2 128 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау өтті.
«Сондай-ақ қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген. 6 кәсіпорынның қызметі декларацияланып, «Сенім сертификаты» тапсырылды.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерге төленетін әлеуметтік аударымдарымдарға тоқталар болсақ, 2024 жылы МКЗЖ аударатын кәсіпорындар саны 160, еңбек өтілін цифрландыру процесін бастаған кәсіпорындар саны 102, орындалуы 65 пайыз. Ағымдағы жылдың соңына дейін, есепке алудың бірыңғай жүйесіне 100 пайыз барлық деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілер тіркелуі тиіс», — деді Б.Қалжанов.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде