Шымкент: Қаратау ауданында көркем гимнастиканың чемпиондары анықталды

20 маусым, 11:58

«Қала күні» мерекесі аясында Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан аумағындағы №9 көркем гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қаратау ауданы әкімінің дәстүрлі кубогі өткізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Биыл аудан әкімінің кубогі үшінші рет өткізіліп отыр. Аталмыш спорттық жарысқа 8-14 жас аралығындағы 100-ден астам жас спортшылар қатысты.

Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т. б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді.

Спорттық турнирді ұйымдастырудағы негізгі мақсат- спорттың барлық қырларын көрсету, қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар жастарды спортқа баулып, олардың бос уақытын тиімді пайдалану.

«Көркем гимнастика – спорттың ең сұлу түрі. Сондықтан да болар, соңғы кезде спорттың осы түріне деген қызығушылық та артып отыр. Гимнастика әдемі спорт түрі болғанымен, күн сайын үздіксіз еңбектенуді қажет етеді. Себебі бүгінгі еңбек нәтижесі – ертең ел намысын қорғайтын «Чемпионды» даярлайды. Ауданымызда спорттың осы түріне қызығушылық танытқан жасөспірімдердің қатары күн сайын артып келеді. Осы орайда, бүгінгі турнирде сынға түсіп отырған барша аруларымызға сәттілік тілеймін!» — деді, аудан басшысы Рақымберді Жанысбекұлы.

Дәстүрлі турнир барысында жас спортшыларды қолдауға аудан басшысымен бірге қалалық мәслихат депутаты Молдабек Асқар Ағабекұлы да қатысып, әсем спорт түрімен шұғылданатын барша аруларға сәттілік тіледі.

Турнир ережеге сәйкес екі бағытты қамтыды. Спортшылар жекелей және топтық бағытта өнер көрсетті. Нәтижесінде топтық сайыстар бойынша жалпы 11 алтын, 12 күміс медаль иегерлері анықталды.

Ал, жекелей сайыста 7 алтын, 7 күміс, 46 қола медаль иегерлері анықталып, аудан әкімінің арнайы Кубогімен, дипломымен және мерекелік сыйлықтарымен марапатталды.

Сондай-ақ, турнирге қатысушы барлық спортшыларға естелік сыйлықтар табысталды. Турнирдің қорытындысында аудан басшысы Рақымберді Жанысбекұлы барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды, бапкерлер мен ұйымдастырушылар алқасын құттықтады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде