Шымкент: Қаланы абаттандыру жалғасып жатыр

28 мамыр, 14:45

Шымшаһарды тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы қала ету бағытындағы жұмыс бір сәтке де тоқтамайды. Айталық, қаладағы көлік ағыны ең көп көшелердің бірі Қонаев даңғылының Рысқұлов көшесі мен Түркістан көшесі аралығындағы аумағы орташа жөндеуден өтті. 2007 жылы салынған жолдың асфальт жабындысы биыл ауыстырылды. Осы жолда шұңқырлар пайда болуына байланысты өткенде тұрғындардан арыз-шағым түскен болатын. Қазір ескі асфальт жабындысы толық алынып, жаңа екі қабатты асфальтті бетон төселді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 4 жолақ сызылды.

Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында да кезек күттірмейтін мәселелер қаралды. Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің құрылысы мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізу мәселелерін қарады.
Ғабит Сыздықбеков білім беру нысандарын заман талабына сай жабдықтауға баса назар аудару қажеттігін айтты. Сондай-ақ бұл жобаны жүзеге асыруға мүмкіндігінше жергілікті тауар өндірушілерді тарту маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ барлық мектеп ғимараттары мен жиһаздары жайлы, қауіпсіз және оқушылардың білім алу қажеттілігіне сай болуы керек. Қала әкімі бос орындарға байқау өткізгенде білікті кадрларды тартуға баса назар аударуды тапсырды.

Жиында қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек мегаполисте «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындау мақсатында жыл соңына дейін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіллі.

Бүгінгі күні акция аясында Қошқар ата өзенінің жағалауы, балалар темір жолы, магистральдық көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, абаттандырылып жатыр. Апта сайын әр ауданда сенбілік өткізіліп, тазалыққа қала тұрғындары, еріктілер мен белсенділер атсалысуда.

Биыл бес аудандағы 20 көше көгалдандырылып, абаттандыру жұмысы жүргізіледі. Жалпы ауданы 376 мың шаршы метр көшелерді көгалдандыру жоспарлануда. Оның ішінде 7 мың қылқан жапырақты, 40 мың жапырақты ағаш отырғызылады. 46 ұңғыма бұрғыланып, автоматты суару жүйесі орнатылады деп жоспарланып отыр.

Қала басшысы аудан әкімдері мен басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ Ғабит Сыздықбеков шаһарда тек тазалықты ғана емес, қоғамдық тәртіпті де сақтау маңызды екенін атап өтті.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде