Шымкент: Қалалық мәслихаттың отырысында 12 мәселе қаралды

17 маусым, 14:49

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XVII сессиясына шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, басқарма басшылары, тексеру комиссиясы, сайлау комиссиясы, полиция департаменті және төтенше жағдайлар департаменті мен БАҚ өкілдері қатысты. Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетілді. Кезекті он жетінші сессияны мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, регламентке сәйкес күн тәртібіндегі 12 мәселе қаралатынын айтты.

Бірінші мәселе Шымкент қаласы әкімдігі және тексеру комиссиясының 2023 жылғы шаһар бюджетінің атқарылуы туралы есептерін қамтыды.

Содан кейін Шымкент қаласы мәслихатының кейбір депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі айтылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы баяндалып, цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер талқыланды.

«Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру мәселесі сөз етілді.

Жиынға қатысушылар «Шымкент қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 маусымдағы № 51/429-6с шешіміне өзгерістер енгізуге тоқталды.

«Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы» бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 1234 қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 7 шілдедегі № 18/164-VII шешiмiне өзгеріс енгізу, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбірімен босатылған сүрек үшін белгіленетін ставкаларды қоспағанда) бекіту туралы мәселелер талқыланды.

9-шы мәселе «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2001 жылғы 27 сәуірдегі №10/100-2с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізуін қамтыды.

Жиынға қатысушылар ең соңында Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына ұсыныс енгізу туралы, қалалық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізуді қаузап, кезекті сессияның қай кезде өтетінін белгіледі.

Сессияда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәслихат депутаттарына өңірді дамытуда маңызды шешімдер қабылданғанын алға тартып, депутаттарға алғысын білдірді.

Сондай-ақ жиында сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев, жаңадан сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бақытжан Позиловты таныстырып, төс белгісін табыстады.

Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде