Шымкент қалалық ҚХА «Жүректен жүрекке» акциясы аясында Атырау облысына гуманитарлық көмек жолдады

07 сәуiр, 13:08

Қиын-қыстау кезеңде елдегі жалпыұлттық қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік сынға түседі. Батыс пен солтүстіктегі елді мекендер қарғын судың астында қалып, тұрғындар жаппай көшіріліп жатқанда Қазақстан Халқы Ассамблеясы зардап шеккендерге көмек қолын созды.

Бұл орайда Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек беру жөніндегі өңірлік штаб та белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айту керек. Соңғы мәлімет бойынша, ҚХА белсенділері ашқан бекеттерде құны – 18,5 млн теңгеден асатын 40 тоннаға жуық зат жиналған.

6 сәуір күні Шымкент қалалық ҚХА белсенділері алғашқы лекпен құны 10 млн теңгеден асатын 20 тоннаға жуық гуманитарлық көмекті Атырау облысына жіберген болатын. Ассамблея мүшелері екі күннің ішінде Шымкенттің екі бұрышынан арнайы бекет ашып, этнос белсенділері жинаған 20 тоннаға жуық көмекті (11 тонна макорон өнімдері, 5 тонна ауыз су, 1 тонна тұрмыстық химия (сабын, шампунь, тіс пастасы, жөргек (подгузник), поршок, азық-түлік өнімдерін (сұйық май, ұн, күріш, қарақұмық), 103 дана төсек жаймасы, 40 матрас, 20 жастық, 40 жұп галош, 20 жұп арнайы киім, 20 жұп етік және жылы киімдер және полиэтилен қапшықтарын және т.б. заттарды) жүк көлігіне артып, жалпы соммасы 10 млн. теңгеден асатын гуманитарлық көмекті шығарып салды.

Қаладағы этнос өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында ашылған банктік есеп-шотқа қаржы аудару жұмыстарын жалғастыруда.

Сондай-ақ Ассамблея мүшелері гуманитарлық көмектің екінші легін Батыс Қазақстан облысына аттандырды.

Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев: «Біз «Жүректен жүрекке» жобасына атсалысқан кәсіпкерлерге, игі бастамаға үлес қосқан барша тұрғынға алғыс білдіреміз. Осындай қиын-қыстау кезеңде «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», көмек қолын созуға бар ынтамызды салып жатырмыз. Көмек жинау жалғасын тауып жатыр, бекеттер күні-түні жұмыс істеп тұр», – деді.

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенділері су тасқынынан зардап шеккен батыс өңіріне гуманитарлық көмектің үшінші легін жолдады. Бұл жолы «Жүректен жүрекке» жобасы аясында жұртшылықтан жиналған құны 8,5 миллион теңгеден асатын 20 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері мен аса қажетті заттар жиынтығы артылды.

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық өкілдігінің төрағасы Нұрболат Мейірбеков:
«Көмекті жинап, ұйымдастыруға осы уақытқа дейін 100-ден аса студент ат салысты. Сондай-ақ еліміздің батыс өңіріне барып та көмек қолын созған волонтерларымыз да бар. «Жүректен жүрекке» акциясы аясында қазір жастардан құралған тағы бір топ жиналып жатыр. 20-дан аса волонтерді жіберу жоспарымызда тұр. Бірақ көмекке барғысы келетіндер одан да көп», –деді.
Ассамблея атынан бір апта ішінде өңірлерге 3 рет – барлығы 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 11:48
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды