Шымкент: Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде қатысады

26 шiлде, 14:42


Мемлекет басшысының бастамасымен бүкіл елде қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Шымшаһарда әлі жалғасып жатыр. Мәселен, жуырда Қаратау ауданындағы Нұртас шағын ауданында «Таза аула» акциясы өтті.

Оған аудан тұрғындары, белсенді жастар мен «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері қатысып, өздерінің аулалары мен іргелес аумақтарды ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ аула тазалау, қоқыс шығару, қураған ағаштарды кесу, қоршаулар мен орындықтарды сырлау жұмыстары жүргізілді.
Еңбекші аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есенбек: «Бүгін Президентіміздің тапсырмасы аясында «Таза Қазақстан» экологиялық республикалық акциясы қазір барлық елді мекендерде қолдау тауып отыр. Өйткені тазалық бірінші — денсаулық, екінші — мәдениет. Елдің азаматтары өзінің ортасының табиғатын тазалағын сақтап отыру үлкен әлеуметтік маңызға ие деп ойлаймын. Тазалық – әр үйдің өзінен басталады», – деді.
Шымкент қаласының барлық аудандарында тазалық акциясы өткізілді. Мәселен, Абай ауданы аумағындағы Тұрлан шағын ауданы Шмидт көшесінің бойында тұрғындар тазалыққа үлес қосты.
Іс-шарада Абай ауданы әкімдігі, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, жастар, тұрғындар белсенділік танытты. Акцияға 200-ден астам адам қатысты. Осы шағын ауданда тазалық жұмыстары наурыз айынан бері өтуде.


Әл-Фараби ауданы аумағындағы Республика даңғылы 41а, 43а Молдағұлова көшесі 10, 12 үй аулаларында санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ирригациялық жүйелер мен көшелерді тазалау, сыпыру, жол жиектері, арықтар күл-қоқыстан тазартылды. Санитарлық тазалық іс-шарасына 10 арнайы техника, 150-ден астам адам жұмылдырылып, коммуналдық мекеме қызметкерлеріне тұрғындар да белсене көмек көрсетті. Балалар ойын алаңдарының тозығы жеткен жерлері жөнделді.
Қошқар ата өзенінің жағалауында да санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық акциясына Тұран ауданының коммуналдық мекемесінің қызметкерлері мен аудан тұрғындары және «Жасыл ел» еңбекші жастары қатысты. Кремлевская көшесінен Абай көшесіне дейінгі өзен бойындағы қоқыс жиналып, қураған ағаштар қырқылды. Шөп орылып, су көздерін ашу жұмыстары атқарылды.
Тазалық жұмыстарына 10-нан астам техника мен 100-ге жуық маман жұмылдырылды.
Еңбекші ауданындағы Әлімбетов көшесінің бойында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза аула» акциясы өтті.


Аудан тұрғындары, белсенді жастар мен «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері қатысқан іс-шарада ауланы ретке келтіру, тазалау, қоқыс шығару, қоршаулар мен орындықтарды сырлау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Шымшаһарда «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да жалғасын табады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде