jasqazaq.kz

Шымкент: Қала әкімі бірқатар нысандарды аралады

26 шiлде 2024, 14:36


Шымкент қаласының әкімі кезекті рет бірқатар білім беру нысандарын аралады. Солардың бірі, А.Сейдімбек атындағы №80, №48, М.Х.Дулати атындағы №8 және Б.Момышұлы атындағы №120 мектептерде болып, онда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Танысу барысында салалық басқарма басшыларына тек құрылыс барысына ғана емес, жақын маңдағы аумақтардың санитарлық жағдайына да бақылауды күшейтуді тапсырған қала әкімі күзге қарай аталған аумаққа ағаш көшеттерін отырғызу қажет екенін айтты.
Бұдан бөлек Әл-Фараби ауданы, Әбдіразақов көшесінің тұрғындарымен де кездесті. Аудан тұрғындарымен кездесуде тазалық және абаттандыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Ал жауапты тұлғаларға көпқабатты үй іргесіндегі жер учаскелеріне беріліп жатқан құжаттардың заңдылығын тексеруді тапсырды.


Сондай- ақ, Ақпан батыр көшесі тұрғындарының өтінішін де назардан тыс қалмады. Нақтырақ айтар болсақ, тұрғындар жақын маңдағы сауда орындарына қатысты шағым білдірген болатын. Сөздерінше, бұл аумақтан шығатын балықтың иісі жергілікті халықтың әбден мазасын алған. Тұрғындар шағымын тыңдаған қала басшысы жауапты мамандарға кәсіпкерлік нысандарының санитарлық нормаларға сәйкестігін тексеру бойынша тапсырма берді.
Қаланы аралау Жаңаталап шағынауданындағы жаңа көпір құрылысында да жалғасты. Құрылыс жұмысын бағамдаған әкім мердігер мекеме мен аудан әкімдігі өкілдеріне учаскедегі барлық жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды міндеттеді.
Соңғы кезде қала басшысының тапсырмасына орай мегаполис аумағында заңсыз орналасқан құрылыс базарлары қала сыртына көшіріліп жатқанымен тұрғындар хабардар. Қазір осы тапсырма бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан жеке кәсіпкер Умаров Анвар Мусаметұлына қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, кәсіпкерге тиесілі құрылыс нысанының екінші қабатын соғу кезінде тиісті жобалау құжаттамасы әзірленбегені анықталды.
Рұқсат құжатынсыз салынған құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұзу туралы талап-арыз сотқа жолданды. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі негізінде кәсіпкерге тиесілі Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы, №31/10 мекен-жайында орналасқан нысанның 2-ші қабатын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу жұмыстары жүргізілді.
Тиісті жобалау құжаттамасыз жүргізілген құрылыс нысаны адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпті әрі заңға қайшы. Аталған бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басқарма мамандары тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкен қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр