Шымкент: Қала әкімі абаттандыру жұмыстарын тексерді

12 маусым, 15:20

Шымкент қаласының әкімі аптасына бір рет міндетті түрде қаланы аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көреді. Бұл аптада ол аралауды көрерменнің көзайымына айналған Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрынан бастады. Ғабит Сыздықбеков театр ұжымымен кездесіп, жаңа басшысы Салдарова Арайлым Құрбанбекқызымен танысты. Кездесуде ұжыммен бірге шығармашылық идеялар мен өзекті мәселелерді талқылады. Театр ұжымына қала мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Бұдан кейін шаһар басшысы «Асар-2» шағын ауданындағы жер асты өткелін абаттандыру және субұрқақты күтіп ұстау жұмыстарымен танысты. Жауаптыларға нысанды заманауи талаптарға сәйкес абаттандыруды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы болу үшін өткел ішін жарықтандыру қажеттігін жеткізді.

№ 90 мамандандырылған мектеп-гимназиясына бас сұққанда мектеп басшылығы шәкірттердің білім алу жайынан хабардар етті.
Әкім Тұран шағын ауданында аулалар мен үй маңындағы аумақтардың санитарлық жағдайын да тексерді. Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жауаптыларға орталық көше бойында аялдама мен жарық шамдарын орнатуды, сондай-ақ балаларға арналған шағын футбол алаңын салуды тапсырды.

Сондай-ақ «Тұлпар» коттедж қалашығының Қазиев көшесінің жалғасы жоспарланған аумақта тұрғындармен кездесті. Жергілікті тұрғындардың пікірлері мен тілектерін ескере отырып, саябақ аймағын сақтау бойынша шешімдер қабылдады.

Қалалық дендросаябақтағы жаңа серуендеу аймағының, Сайрам, Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы гүлзарды абаттандыру бойынша жұмыстарды, сондай-ақ «Көл» мен Ордабасы алаңындағы субұрқақтарды реконструкциялау барысын тексерді. Салалық басқармалардың басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыстарды сапалы және уақтылы аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ Ғабит Сыздықбеков белгілі кинорежиссер, Шымкент қаласының тумасы Сергей Дворцевоймен кездесті.
2008 жылы осы режиссердің қазақ даласындағы шопандардың өмірі туралы

«Тюльпан» фильмі Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» конкурстық бағдарламасында бас жүлдеге ие болған.
Кездесуде қала әкімі мен белгілі режиссер мәдениетті дамытудың тетіктерін талқылап, отандық киноны дамыту мәселелерін талқылады.

Ғабит Сыздықбеков кинорежиссерге кинематография саласының қалыптасуына қосқан үлесі, оны әлемдік деңгейде танымал еткені үшін алғысын білдіріп, шығармашылық жоспарларды жүзеге асыруда табыс тіледі.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде