Шымкент: Қайтарымсыз қаржы мақсатты жұмсалуы қажет

21 мамыр, 15:40

Шымкент қаласында биыл екі лек негізінде 426 адамның кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Алғашқы лек бойынша 20-31 мамыр аралығында өтінімдер қабылданып жатыр. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Жанат Өтебаева осылай деді.

Грантқа өтінім беру үшін белгілі бір санат қатарында болуы қажет. Оларға – атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, көп балалы, оның ішінде балалардың ең үлкені 23 жасқа дейін жоғары оқу орны мен арнаулы орта кәсіптік колледжд студенті ретінде жәрдемақы алушы отбасылар, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар кіреді.

Әлеуметтік осал топтардың бизнес — жобаларын жүзеге асыруға арналған қайтарымсыз грант алу үшін үміткер өтінім бергеннен кейін арнайы құрылған комиссия алдында өз идеясын қорғап шығуы тиіс. Комиссия құрамына қаладағы Кәсіпкерлер палатасы, мүдделі басқармалар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдері, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, сондай-ақ салалық сарапшылар кіреді.

Комиссия мүшелері бизнес жобаларының өміршендігі, экономикалық өзектілігі, қоғамдық маңыздылығы қарап қорытынды шығара отырып, хаттама түзеді. Осы орайда грант иегері болғаннан соң қойылатын біршама талаптар бар. Ең алдымен грант иегері ұтқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салық органдарында өз қызметін тіркеуге міндетті. Кәсібі жайында business.enbek.kz порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай бойы тоқсан сайын растап, есебін тапсырады. Айта кетейік, қайтарымсыз грант 400 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде беріледі. 2023 жылы ол сома 1350,0 мың теңге болса, биыл 3692х400=1476,0 мың теңгені құрайды.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Жанат Өтебаева қала тұрғындарына грантөа өтінім беру жөнінде бағыт-бағдар алу үшін ақылы қызмет көрсету орталықтарына жүгінудің қажеті жоқ екенін ескертті. Тұрғындар өздері тіркелген мекен-жайы бойынша аудандық мансап орталықтарының мамандарынан қайтарымсыз грант туралы сұрақтарын қойып, толық мағлұмат ала алады.

JQ-Aqparat

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде