jasqazaq.kz

Шымкент: Қайтарымсыз грант жұмыспен қамтиды

21 мамыр 2024, 15:31

Биылғы 20 мамырда қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдау басталған болатын. Өтінім қабылдау айдың аяғына дейін, яғни 31 мамырға дейін жалғасады. Тұрғындар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бір жолы – кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни жаңа бизнес идеяларды іске асыру десек, қайтарымсыз грант жұмыссыз жүргендерге осындай мүмкіндік ұсынады. Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында бүгін өткен «Халықты жұмыспен қамту шараларына тарту және өтеусіз гранттар беру тәртібі туралы» тақырыбындағы көшпелі баспасөз конференциясында қайтарымсыз грант туралы егжей-егжейлі айтылды.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның айтуынша, халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беру жұмыстары 2019 жылдан бастан бастау алады. Халықтың осал тобындағы азаматтар қайтарымсыз грант қаржысына шағын кәсіпкерілігін бастап, немесе дамытып, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Грантқа өтінім беру үшін төмендегі санат қатарында болуы қажет. Олар:
— атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар;
— көп балалы отбасылар. Оның ішінде балалардың ең үлкені 23 жасқа дейін жоғары оқу орны мен арнаулы орта кәсіптік колледж студенті ретінде жәрдемақы алушы отбасы;
— асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар;
— қоныс аударушылар;
— қандастар;
— еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
— мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар.
Жанат Өтебаева: «Қайтарымсыз грант қаржысы азаматтарға бір рет ғана беріледі. Оның нысаналы мақсаты бойынша – қажетті еңбек құралдарын сатып алуға және технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттер, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға жұмсалуы тиіс», — дейді.
Қайтарымсыз грант 400 АЕК мөлшерінде беріледі (2023 жылы 1350,0 мың теңге, 2024 жылы 3692х400=1476,0 мың теңге).
Грантқа үміткерлер, яғни халықты осал тобына жататын азаматтар бірінші кезекте – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік үш жыл мерзімге жарамды.
Екіншіден –еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік тарапынан әзірленген «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн-режимде өтінім ұсынуы тиіс.
Өтінім беру үшін:
1) порталға тіркелу керек,
2) грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту (халықтың осал тобына жататыны жатпайтындығы, бұрын сонды грант алғанба тексереді);
3) порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу қажет;
4) өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қоюы керек.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?