Шымкент: қайтарымсыз грант тұрақты табысқа жеткізеді

13 мамыр, 14:30

Елімізде әлеуметтік осал топтар қатарындағы адамдарға, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнесін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуді көздейтін қайтарымсыз грант беру бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

Осы орайда Шымкентте 20-31 мамыр аралығында 400 АЕК (3692 х 400 АЕК =1476 800 Т). көлеміндегі қайтарымсыз гранттың І-ші легі бойынша өтінім беру басталады. Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адам факторды азайту және үміткерлерге ыңғайлы болу үшін грант берудің барлық процесі электронды форматқа көшірілді. Грантқа өтініштер бір терезе – Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады.

Үміткер осы порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Айта кету керек, әр қатысушы мемлекеттік грантты бір рет қана ала алады.

Өтінім беру үшін алдымен порталда тіркеліп, грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту керек.

Содан кейін порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп,  оны толтырып, порталға енгізеді. Өтініш нысанын толтырған соң ЭЦҚ кілтімен қол қояды.

Ал егер ғаламторға немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, аудандық мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.

Мемлекеттік гранттың кез келген адамға берілмейтінін ескерген жөн. Әлеуметтік топтағы тізімде:

— еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;

— қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар;

— өңіраралық қоныс аударушылар;

— атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;

— мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырғандар (жұбайы/зайыбы);

— асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;

Сонымен қатар, гранттар жұмыссыз немесе жеке мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз жеке кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда және үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты бар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

Грантқа қол жеткізгендер хабарламаны алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органдарында өз қызметін тіркеуге міндетті.

Грант қаржысына құрал-сайман, технологиялық жабдықтар, жануарлар,  мал,  құс, тұқым мен көшеттерді сатып алуға, сондай-ақ үй-жайды жалға алу ақысын төлеуге пайдалануға болады.

Өткен жылы ел бойынша 9000 грант бөлініп, оның 426-сы Шымкент қаласына берілген болатын.

Грант тұтынушылық мақсаттарға, несиелік қарыздарды өтеуге, тұрғын үйді сатып алуға және салуға, жер телімдерін сатып алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге қарастырылмайтынын ескерген жөн.

JQ-Aqparat

 

 

 

 

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде