Шымкент: Кең баба саябағы мемлекет меншігіне қайтарылуда

19 шiлде, 12:28

Шымкент қаласының әкімдігі Кең баба саябағын мемлекет меншігіне қайтару бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Осы мәселе бойынша бүгінге дейін бірнеше сот отырысы өтті. Соның нәтижесінде Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі расталып, өзгеріссіз қалды.
Дегенмен әкімдік тарапынан атқарылатын жұмыс әлі де баршылық.

Еске салсақ, 1999 жылы сол кездегі Шымкент қаласы әкімінің шешімімен 3,9272 гектар жер телімі «ЧПКФ «Сапар» ЖШС-не балалар саябағының аумағында балалар мен жасөспірімдерге эстетикалық және мәдени тәрбие беру орталығын ұйымдастыруға 15 жылға дейін уақытша пайдалануға берілген болатын.
Бірақ бастапқы жоба орындалмай, саябақ аз уақытта үлкен қоғамдық тамақтану алаңына айналды. Коммерциялық пайдалану барысында ғасырлар бойғы емен ағаштары кесіліп, саябақтың кей аумақтары бетондалып, плиткалар төселіп, уәде етілген балалар орталығы жасалмады. Тегін ойын алаңдары, әткеншектер мен құмсалғыштар да қиратылды.

Жыл өткен сайын саябақта сауда нысандары көбейіп, санитарлық жағдай нашарлап, тұрғындардың наразылығын туғызды. Қоғамдық пікірді ескере отырып, әкімдік саябақты мемлекет меншігіне қайтару процесін бастады. Өйткені 1999 жылы белгіленген жалға беру мерзімі әлдеқашан аяқталған болатын.

Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, Кең баба саябағының аумағы «жасыл аймақ» болып белгіленген. Алайда, сот процесі аяқталғанша, бюджет қаражатын қалаға тиесілі емес нысандарға жұмсауға болмайтындықтан, заң шеңберінде саябақты абаттандыру, көгалдандыру мүмкін болмады. Нысанның сын көтермейтін жағдайы азаматтардың арыз-шағымдарын туғызып, саябақ әлеуметтік міндеттемелерді орындай алмаған бизнестің алаңына айналды.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесін беру және кейінгі мәмілелер туралы Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысының күшін жою бойынша талап арыз жолданды. 2024 жылғы 30 сәуірдегі сот шешімімен департаменттің талап арызы қанағаттандырылды. Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.

Осылайша, Кең баба саябағы ішінара мемлекет меншігіне қайтарылды. Саябақ мемлекет меншігіне түпкілікті қайтарылғаннан кейін әкімдік алдында жасыл аймақты қалпына келтіру, тұрғындардың отбасылық серуеніне жағдай жасау міндеті тұр.

Шымкент қаласының әкімдігі бұл жобаны сәтті аяқтап, Кең баба саябағын қалпына келтіруге бар күш-жігерін салады. Бұл тұрғындардың игілігі үшін керек.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде