Шымкент — инвестклиматы тартымды шаһар

30 маусым, 15:35

Сан-салалы қала экономикасының бойына қан жүгіртетін, жаңа өндіріс ошақтарын ашуға септігін тигізетін инвестицияның маңызы қашан да зор. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, туризм мен қызмет көрсету секторларына қаржы, әсіресе, шетелден тікелей инвестиция тарту оңай емес. Кәсіпкер немесе компания ең алдымен сол шаһардағы инвестициялық климаттың қолайлы болуына мән береді.

Осы тұрғыдан алғанда, Шымқала жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін жайлы да тартымды. Бірер жыл бұрын еліміздегі өңірлер арасында бизнес жүргізудің жеңілдігі жөніндегі рейтинг бойынша Шымкент қаласының көш бастағаны белгілі. Бұған үшінші мегаполисте кәсіпкерліктің қарқынмен дамуы, қолға алынған, сондай-ақ бүгінгі күні іске асырылып жатқан ауқымды жобалар айқын дәлел дәлел бола алады. Жақында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытайдың Fujian Hengwang Investment Co., компаниясының басқарма төрағасы Лю Юньминьмен кездесіп, меморандумға қол қойды. Құжат шаһардағы «Темір» индустриалды аумағында металлургиялық зауыт салуды көздейді. Компания осы мақсатпен жаңа кәсіпорынның құрылысына 1 млрд 750 млн доллар көлемінде қаржы құймақшы. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 5 млн тоннаны құрайды. Айта кеткен жөн, Fujian Hengwang Investment Co., компаниясы болат өндірісі мен халықаралық саудада бай тәжірибесі бар Jiangsu Coastal Steel Group Co., Ltd, корпорациясының құрамына кіреді. Мұндай ірі инвестордың Шымкентке келуін зор жетістік деп бағалаған жөн.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков инвесторларға барлық жағдай жасалатынын, бизнес жүргізуге қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Инвестор да мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде міндеттеме алды. Олардың 70 пайызы жергілікті тұрғындарды қамтуы тиіс. Жай қатардағы жұмысшы ғана емес, орта деңгейдегі мамандар да еңбекке тартылады. Аспан асты елінен келген кәсіпкерлер Шымкенттегі инвестклиматты жоғары бағалады. Олар кәсіпорынды ойдағыдай іске қосқан соң басқа да жобаларға кірісу жөніндегі ниетін білдірді.

Айта кетейік, былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы тауар айналымы 291,7 млн долларды құраған-тұғын. Қала аумағында қытай инвесторлардың қатысуымен 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Сонымен қатар, 60 миллион долларды құрайтын тағы бір инвестициялық жоба қолға алынуда. «Жұлдыз» индустриялық аймағында «Wan Sheng Ceramic» ЖШС-нің керамикалық тақташалар өндіретін зауыты 350 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарының 70 пайызы орындалды.

Қала әкімдігінің өнеркәсіптің өзге салаларын да өркендету мақсатымен сырттан инвестиция тартуға бағытталған күш-жігері өз жемісін беріп жатыр. Атап айтсақ, Түркияның «Aksa Energy» компаниясымен жасалған уағдаластыққа сәйкес, мегаполисте бу-газ қондырғысы зауыты салынады. Қуаты 500 МВт-қа жететін аралас циклды газ кәсіпорны шаһар тұрғындарын сапалы электр, жылу энергиясы және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Зауыт сондай-ақ қаланың экологиясын жақсартуға ықпал етеді. Инвестициялық жобаның құны — 700 млн долларға жуық. Зауыт құрылысы кезінде 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылса, кәсіпорын іске қосылған соң 200-ден астам жергілікті тұрғын тұрақты еңбекпен қамтамасыз етіледі.

Түрік бауырлар Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге де ден қойып отыр. Аса ірі «Alarko Holding» компаниясы 500 гектар аумақта жаңа үлгідегі жылыжай кешені құрылысын қолға алды. 2 мыңдай тұрғынды жұмыспен қамтамасыз ететін ауқымды жобаға инвестор 650 млн доллар салады.
Шымқалада кәсіпкерлік те кең қанат жайып келеді. Соңғы 5 жылда экономиканың түрлі секторларына тартылған инвестиция көлемі 2,2 трлн теңгеге жетті. Мұның еліміз бойынша жоғары көрсеткіш екенін айтқан жөн. Бұл шырайлы шаһарда инвестклиматтың жайлы да, тартымды болуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр деген сөз.

Талап Тілеген

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде