Шымкент: Инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіледі

10 маусым, 13:36

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Шымкент қаласында Кәсіпкерлер палатасы тарапынан, жергілікті атқарушы және құзырлы-бақылаушы органдармен бірге кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларға барынша қолдау жұмыстары атқарылуда. Нақты айтқанда, жыл басынан бергі 5 айда Шымкент өңірлік кәсіпкерлер палатасына бизнестің құқығын қорғау бойынша 66 өтініш түскен. Өткен жылы осы мерзім аралығында 51 өтініш түскен болатын. Биыл сол өтініштердің 21-і оң шешімін тауып, 109 миллион теңгеден астам бизнестің құқығы қорғалды. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Сәбира Адамбекова мәлімдеді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогы экономикалық және әлеуметтік блоктармен тығыз жұмыс істеп, қажет болған жағдайда құқықтық-кеңестік көмек береді.

Сәбира Адамбекованың айтуынша, кәсіпкерлер палатасында 5 айдың ішінде түскен құқықтық-нормативтік актілерге қатысты 36 сараптамалық қорытынды берілді, оның ішінде 5 қорытынды тиісті ескертпелермен берілген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын бақылау аясында барлық тараптар, оның ішінде прокуратура қызметкерлері де жұмылады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеттерінің бірі – еліміздегі кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға ықпал жасау. Осыған орай, жергілікті атқарушы және құзырлы-бақылаушы органдармен бірге кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жұмыстары атқарылып жатыр», – деді Сәбира Адамбекова.

Бұған қоса, Палата қызметкерлері мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім комиссияларының да жұмысына белсене қатысады. Мысалы, жыл басынан бері екі комиссияның отырысына қатысып, оң қорытынды берілді.
Сонымен қатар, Палата инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бағытында жұмыс істейді.
Мемлекет басшысының 2023 жылдың 19 сәуірдегі Жолдауына сәйкес Үкімет және «Атамекен» ҰКП бірігіп интерактивті инвестициялық карта (Карта) әзірлейді.

«Интерактивті инвестициялық карта – инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысында мониторинг жасауға мүмкіндік беретін цифрлық құрал. Онда инвестициялық жобаға қатысты барлық тарапқа, мысалы, кәсіпкер, жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік орган, даму институттарына тиісті жауапкершілік бекітіледі»,-деді Кәсіпкерлер палатасының директоры Сәбира Адамбекова.

Бүгінгі таңда инвестициялық жобалардың жалпы ұлттық бірегей пулының тізіліміне Шымкент қаласы бойынша жалпы сомасы 443 млрд 56 млн теңгені құрайтын 59 жоба енгізілді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде