Шымкент: Инвестициялық жобаларға арналған интерактивті карта іске қосылды

15 шiлде, 14:13


Еліміздегі аса ірі мегаполистің бірі – Шымкент отандық және шетелдік кәсіпкерлер үшін инвестиция тұрғысынан алғанда аса тартымды. Бұған шаһарда инвесторлардың қаржысымен жүзеге асырылып жатқан көптеген жобалар дәлел. Статистикалық деректерге жүгінсек, қала экономикасының маңызды секторларына салынып жатқан инвестиция көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Бұл жобалардың қалай іске асырылып жатқанын бақылап отырудың мәні зор. Осы мақсатпен Шымқалада инвестициялық жобаларға арналған алғашқы интерактивтік карта іске қосылды.
Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, Кәсіпкерлер палатасында аталған жобаны таныстыру рәсімі өтті. Оған шаһарға жұмыс бабындағы сапармен келген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, қала прокурорының бірінші орынбасары Жомарт Нұрғали, сондай-ақ, Өңірлік кеңес мүшелері қатысты.
Интерактивті карта инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысына live-режимде мониторинг жасайды. Сонымен қатар, жобалардың кезең-кезеңмен іске асырылуы барысын бақылауға әрі оларды дамыту барысын нақты түсінуге мүмкіндік береді.


Жобаны таныстыру рәсімінде сөз сөйлеген «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков: «Біздің ортақ мақсатымыз – Қазақстанның инвестицияға қолайлы мемлекет атануы. Интерактивті картаның көмегімен әр инвестициялық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқанын кезең-кезеңімен бақылауға болады», — деді. Оның айтуынша, қажет болған жағдайда түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың өкілдері картамен танысып, түйткілді тұстар мен оларды шешу жолдарын анықтай алады.
Ал қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов Шымкенттің кәсіпкерлікті жүргізу бойынша қолайлы әрі тартымды шаһар екеніне тоқталып, бұл жобаның инвесторларды жұмылдыруға сеп болатынын атап өтті.
Қала әкімінің орынбасары: «Біздің басты мақсатымыз – инвесторларды шақыру ғана емес, жобасын сәтті жүзеге асыруға қолдау көрсету, сүйемелдеу. Осы инвестициялық жобалардың картасы – соның бір дәлелі», — деді. А. Кәрімовтың айтуынша, жергілікті атқарушы органға да, кәсіпкерлерге де асы қажет осы жобаның әлеуеті мол. Мегаполисте күн сайын мұндай инвестициялық жобалардың саны артып келеді. Сондықтан оларға дер кезінде қолдау көрсетудың маңызы зор.
Жиын барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Шымкент қаласының әкімдігі және Шымкент қалалық прокуратурасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Үш жақты келісім кәсіпкерлерге қолдау көрсету аясында инвестициялық картаны енгізуді және оны белсенді қолдануды көздейді.
Айта кеткен жөн, бүгінде инвестициялық жобалардың жалпы ұлттық бірегей пулының тізіліміне қала бойынша жалпы сомасы 443 млрд 56 млн теңгені құрайтын 59 жоба енгізілген.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде
05 шiлде, 14:06
Түркістан: Төлеби ауданында профилактикалық іс-шаралар басталды
04 шiлде, 16:10
Түркістан: Мақсат – қылмыстың алдын алу