jasqazaq.kz

Шымкент – инвестицияға тартымды шаһар

03 сәуiр 2024, 16:14

Жедел қарқынмен дамып жатқан Шымкент қаласында өз қаржысын құйып, кәсібін жүргізгісі келетін инвесторға барлық жағдай жасалған. Бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету сияқты салаларда инвестиция көлемінің жылдан жылға артып жатқаны айқын дәлел бола алады. Мәселен, өткен жылы Шымқаладағы 14 жобаға 14,6 млрд теңге көлемінде инвестиция салыныпты. Соның нәтижесінде 413 адам жұмыс тапты. Бұл шаһардың инвестициялық тартымдылығын көрсетеді. Жергілікті кәсіпкерлермен қатар, шетелдік компаниялар да түрлі жобаларға қаржы құюға ықылас танытып отыр.

Күні кеше қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытайдың Чанчзи-Хуэй автономиялық ауданы губернаторының орынбасары Су Сяоли бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Жүздесуде екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара әлеуеті мол инвестициялық жобалар талқыланды. Шаһар басшысы еліміздегі үшінші мегаполисте кәсіпкерлерге қолайлы әрі тартымды инвест-климат қалыптасқанын атап өтті. Аспан асты елінен келген кәсіпкерлерге өзара өзаоа тиімді жобалар мен мүмкіндіктер жөнінде мағлұмат берілді.

Екі жақты қарым-қатынасты нығайту мәселесі «KIT» бизнес-қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылған форумда да жан-жақты сөз болды. Бизнесті жандандырудың оңтайлы тәсілі болып табылатын B2B үлгісіндегі жиында шымкенттік кәсіпкерлер Қытайдың тамақ және полиэфир өндіретін жеңіл өнеркәсіп компанияларының өкілдерімен ақпарат алмасты. Сонымен қатар, бизнес өкілдеріне тауарды шетелге экспорттау мүмкіндіктері мен өзге серіктес –компаниялармен іскерлік байланыс орнату жайы ұсынылды.

Қытайдың 35 компаниясының өкілдері және Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов,  Қытай Чанчзи-Хуэй автономиялық ауданы губернаторының орынбасары Су Сяоли, аталған автономиялық аудан сауда басқармасы партия тобының хатшысы Чэн Сяофэнннің қатысумен өткен форумда бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

Бүгінде қытай компанияларының қатысуымен шаһарда 3 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бұған қоса, құны 60 млн долларды құрайтын тағы бір жоба бар. «Жұлдыз» индустриалды аймағында  «Wan Sheng Ceramic» ЖШС керамикалық тақташа шығаратын зауыт құрылысын қолға алды. Қазір өндіріс ошағында құрылыс-монтаж жұмыстарының 70 пайызы аяқталды. Кәсіпорын іске қосылғанда 350 адамға жұмыс орны ашылады.

Айта кету керек, былтыр Шымкент қаласы мен Қытай арасындағы сауда айналымы 291,7 млн долларды құрады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі 

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды