Шымкент: Индустриялық аймақта 344 жоба іске асырылып жатыр

03 шiлде, 13:00

Соңғы жылдары шырайлы Шымшаһардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Әсіресе, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында оң өзгерістер байқалады. Мемлекет басшысының үшінші мегаполистің өндірістік әлеуетін көтеру жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатыр?

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласында жарты жылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясында айтылды.

Шымкентте 5 индустриалды аймақ бар. 869 гектарды алып жатқан аумақта «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары, сауда-логистикалық орталығы жұмыс істейді. Бүгінде индустриялық аймақта құны 330,9 млрд теңгені құрайтын 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 229,0 млрд теңгені құрайтын 287 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.

Брифингте есеп берген Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Ермек Тұрмановтаың айтуынша, «Оңтүстік» индустриялық аймағында 101,4 млрд теңгеге 3 мың жаңа жұмыс орындарымен 96 жоба іске асырылуда.

Оның ішінде, 78 жоба іске қосылып, онда 2,7 мың жұмыс орындары ашылды және оған 96,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды.

2024 жылы 38 жаңа жұмыс орындарын құрумен 547 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.

Оның ішінде, 8 жаңа жұмыс орындарын құрумен 347 млн теңгеге бір инвестициялық жоба іске асырылды.

«Тассай» индустриялық аймағында 50,7 млрд теңгеге 2,6 мың жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда.

Оның ішінде, жалпы құны 43,4 млрд теңгеге 30 жоба іске қосылып, онда екі мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.

2024 жылы 10 жаңа жұмыс орындарын құрумен 100 млн теңгеге бір инвестициялық жоба іске асырылды,

«Жұлдыз» индустриялық аймағы  306 гектар жерді алып жатыр. Бүгінгі күні «Жұлдыз» индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары 80 пайызы аяқталған. Инженерлік инфрақұрылым жүргізудің жалпы құны 13,7 млрд теңгені құрайды. Тапсырыс беруші – Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Сондай-ақ аймақта инвестициялық құны 126,7 млрд теңге құрайтын, 3 230 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 35 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы құны 57,2 млрд теңгені құрайтын 16 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы — 306 гектар.  Биылғы жылы мұнда  жеті жобаны жүзеге асыру арқылы 46 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

JQ-Aqparat

Сурет:  Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі ; openspk.kz

 

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде