Шымкент: «I-Shymkent.kz» қызметтерді онлайн алуға мұмкіндік береді

15 мамыр, 14:53

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу жөнінде тапсырма берілген болатын. Осыған орай, «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу индикатор көрсеткіші белгіленген.

Шымкент қаласындағы «Shymkent IT HUB» — білім беру бағдарламалары кеңесінің қызметі HUB nехнологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құруға арналған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен «Цифрландыру Басқармасының 2024 жылғы I тоқсандағы атқарған жұмысы мен жетістіктері және алдағы жоспарлары туралы» брифингте Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов айтып берді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты бекітіліп және технопаркке материалды техникалық базаны жеке инвестор есебінен немесе жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көзделген. «Astana IT HUB» технопаркі және әкімдік арасында 2 тоқсан қорытындысымен меморандум жасалынып, техникалық ашылу ісі жоспарлануда.

Ал «I-Shymkent.kz» — қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал. Орталық атқарушы органдарының деректер базаларымен интеграциялау жұмыстарын жүргізу үшін «I-Shymkent» порталын ақпараттық қауіпсіздік сынақтарынан өту қажеттілігі туындаған.

Биылғы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін «i-Shymkent» порталына жасалған 2 шабуыл «ОЦИБ» арқылы уақытылы тоқтатылды. Әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелердегі жұмыс станцияларынан 30987 вирус жойылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс станцияларына құпия ақпараттың таралуына жол бермейтін арнайы жүйе орнатылған.

Жалпы «i-Shymkent 109» бірыңғай орталығы ашылған уақыттан бастап 759 745 өтініш келіп түскен. 2024 жылдың 1-тоқсанында 57 921 арыз-шағымдар мен кеңес тіркелді. Қазіргі таңда, аталған шағымдардың 97,7 пайызы орындалып, тұрғындармен кері байланыс орнатылған. Қалған арыз-шағымдар жауапты мекемелер тарапынан қаралуда.

Орталық қызметкерлері күнделікті 1000-2000 аралығында қоңырау қабылдайды. Барлық қоңыраудың 78 пайызы 1 қоңыраудан шешімін тапты. Қоңырауларға орташа жауап беру уақыты – 19 секундты құраса, әлеуметтік желіде жауап берудің орташа уақыты 3-5 минутты құрайды.

«i-Shymkent 109» бірыңғай орталығына келіп түскен қоңырауларды өңдеу 5 кезеңнен тұрады. Қоңырауды қабылдап, тіркеу қарточкасы толтырылады. Орталық инспекторлары саралап, жауапты мекемелерге жолдайды. Ондағы қызметкерлер жауап беріп, орталықтың операторлары тұрғындармен кері байланысқа шығады.

Арызданушы берілген жауапқа қанағаттанса, арызы орындалса – арыз жабылады, басқа жағдайда – қайта қаралуға жолданады.
Сонымен қатар, орталық 123 мемлекеттік мекемелермен бірлесіп жұмыс істейді. Олар: 22 басқарма, 5 аудан әкімдігі, 7 монополист мекемелер, 71 денсаулық сақтау ұйымдары, төтенше жағдайлар департаменті және өрт сөндіру қызметі, СЭБД (СЭС), 10 – лифтқа қызмет көрсетуші мекемелер, 4 қоғамдық көлік компаниялары, Тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдарымен бірлесе жұмыстарды атқарады.

JQ-Aqparat

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде