
Шымкент қаласының тұрғындары 109 I-көмек ситуациялық орталығына хабарласып, үйдегі газ жабдықтары жұмыстары бойынша мәлімет алуға және олардың жұмыстарына қатысты сыни ескертпелерді қалдыра алады. Бұл туралы Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысы Мәлік Әбдінұров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері және аудан әкімдіктері мен аудан төтенше жағдайлар басқармалары, «Газ-техникалық қызметі МКК-і» қызметкерлерінің қатысуымен қала тұрғындарына тұрақты түрде табиғи газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында табиғи газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Басқарма басшысының айтуынша, тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Ол: «Жыл басынан бері жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары — 36, мақала — 46, кездесулер мен дөгелек үстел жиналыстары — 11, брифинг және сұқбат — 8, арнайы әзірленген — 36 100 дана жадынама парақшалары таратылды. Сонымен қатар, үй ішілік газ құрылғыларына қызмет көрсету мекемелері бойынша Шымкент қаласының 109 I-көмек ситуациялық орталығымен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде», — деді.
Тұрғындардың өтініштерін үнемі бақылау жасау мақсатында газбен жабдықтау мекемелері, 109 I-көмек және Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен орталықтандырылған чат құрылып, жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар, қалада құрылған «Газ-техникалық қызметі КММ-і» қала тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік туралы жадынамаларды үйді-үйге тарату жұмыстары жүйеге қойылған.
Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19 бабының 1-тармағына сәйкес, газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 306 бап 1-бөлігіне сәйкес, 2024 жылы 87 тұлға (жалпы айыппұл сомасы — 318 АЕК, 1174056 теңге) жауапкершілікке тартылатын болады.
Қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда әкімшілік шара көзделген.
JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі