Шымкент: Газ және жылумен қамту жұмыстары қарқынды

21 шiлде, 10:22


Шымкент қаласының инфрақұрылымын дамыту бағытында тұрғындарды газбен жабдықтау, жылу жүйесін жаңғырту және қала көшелерін жарықтандыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту саласында жартыжылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баспасөз мәслихатында егжей-тегжейлі айтылды.
Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұлов келтірген мәліметке сәйкес, шаһарда табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған.
Өткен жылы «көгілдір отынмен» қамту көрсеткіші 94 айыздан 96 пайызға дейін өсті, 6 нысан бойынша жұмыс аяқталды (Тұран, Асар-2, Солтүстік Саяжай, Сәуле, Бозарық, Нұртас).
Биыл 4 нысан — (Қайнарбұлақ 1 (70%) және 2 (60%) кезең, Ынтымақ-2 (40%), Бозарық 1 (55%), 2 (95%) және 3 (50%) кезең, Тассай (85%) аяқталуы тиіс.
Сондай-ақ биыл 3 нысанның (Қаратөбе (95%), Тәуелсіздікке 20 жыл (15%), Қайтпас-1 (15%) құрылыс жұмыстары басталды. Бүгінде жұмыстың 15 пайызы атқарылған. 3 нысан (Қарабастау, Жулдыз-Жалын, Еламан) бойынша конкурс нәтижесі анықталды, мердігер мекеме тағайындалып, шілде айында құрылыс жұмыстары басталады.
Рзабек Меңдіқұлов биыл табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4 пайызға жеткізілетінін атап өтті.
Ал жылумен қамтуға келсек, Шымкентте 838,6 шақырым жылу құбыры төселген. Олардың тозу деңгейі — 37 пайыз. 23 қазандық және 17 сорғы станциясы бар.
— 23 қазандықтың тозу деңгейі — 30,5%;
— 17 сорғы станциясының тозу деңгейі — 41 %
Жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 4,0 млрд теңге бөлінген. Биыл 2,4 млрд теңгеге 30 шақырымға жуық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 1,4 млрд теңгеге 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Ал қала көшелерін жарықтандыру бойынша орталықтағы 747 көшенің 522 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде 2021 жылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік (МЖС) аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 47 %-ға өсті.
2022 жылы МЖС аясында 105 көше, былтыр 90 көше жарықтандырылды.
Биыл басқарма тарапынан Тұран шағын ауданындағы магистральды 13 көшені жарықтандыру, аудан әкімдіктері тарапынан 5 аудан көлемінде 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарланған.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде