Шымкент: Ғасыр дертіне қарсы күрес үздіксіз жүргізіледі

19 сәуiр, 12:37

Биыл Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» АИТВ-ның алдын алу, күту және емдеу бойынша халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығы бойынша елімізде үздік үштікке енген болатын.

Үздік атанған мекемені денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы марапаттап, алғысын білдірді.

Сонымен бірге, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Шымкенттегі ЖИТС орталықтарының қызметін бағалаудың жоғары рейтингтік көрсеткіштері бойынша ҚР ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 20 орталықтың арасында III орынды иемденді.

Қазіргі уақытта АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды тегін антиретровирустық терапиямен (АРТ) қамтуды арттыру мүмкіндігі туып отыр. Орталықтың аккредиттелген зертханасында инфекциядан кейін АИТВ-инфекциясын диагностикалау уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін 4 буынды жоғары сезімтал тест жүйелерін пайдалана отырып, жалпы халықты және негізгі топтарды АИТВ-ға тестілеу, мемлекеттік және халықаралық стандарттар ұсынымдарына сәйкес жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
ЖИТС орталығы алдына қойған міндеттерді орындау барлық күш-жігерін жұмсауды, сондай-ақ АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушілікті азайту бойынша жұмыстар атқаруда. Бұл бағытта, әсіресе, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.

Мәселен, жуырда Шымкент жоғары медицина колледжі студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Оған ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және Психикалық денсаулық орталығы мамандарының қатысып, өскелең ұрпақты зиянды әдеттерден алшақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады. АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсндірді.
ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-жұқпасына өз еркімен жедел-тест әдісімен тексерілу жұмыстарын ұйымдастырып, тестіге дейін және тестіден кейін не істеу керектігі жөнінде кеңес берді.

Тағы бір кездесу «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу» тақырыбында Отырар колледжінің жастарының қатысуымен өткізілді. АИТВ/ЖИТС-тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген кездесуге Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің маманы Нәзира Жүргенбаева қатысты.
Кездесуде сала маманы кәмелетке толмаған жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, студенттердің сауалдарына жауап берді.

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» алдағы уақытта да осында кездесулерді өткізе бермек.

Айдос Құсайынұлы

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды