jasqazaq.kz

Шымкент: Ғалымдардың ғылыми-техникалық жобалары қаржыландырылады

05 қыркүйек 2024, 14:37

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижесімен ғылымды дамытудың 5 басым бағыты бойынша 7 жоба ұтып алды. Бұл туралы аталған университеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті конкурс жеңімпаздарын жариялап, олардың алдағы уақытта қолға алатын жұмыстарымен таныстырды.
«Наноқұрылымды суды кешенді зерттеу: су жүйелерінің жылу, электр және құрылымдық сипаттамалары» жобасымен PhD, қауымдастырылған профессоры Ұлжалғас Бақытқызы қаржы көлемі 88 млн теңгені құрайтын грант жеңіп алды. Жобаның мақсаты суды ғылым мен технологияда қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ашу, сондай-ақ оның химиялық жүйелермен өзара әрекеттесуін түсіну үшін нанодеңгейінде судың жылу, электр және құрылымдық қасиеттерінің ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Соңғы жылдары суды молекулалық және нанодеңгейде зерттеуге қызығушылықтың айтарлықтай өсуі байқалды. Бұл судың ғылым мен техниканың көптеген салаларында маңызды ерекше қасиеттеріне байланысты. Жоба судың нанодеңгейдегі сипатын жеткіліксіз түсінуден туындаған мәселені шешуге бағытталған. Судың нанодеңгейінде жылу, электрлік және құрылымдық қасиеттерін түсіну жаңа материалдарды әзірлеу, сенсорлар жасау, медицина және энергетика салаларында айтарлықтай жетістіктерге әкелуі мүмкін. Жобаның пәнаралық сипаты физика, химия, биология және инженерия бағытында зерттеуді кешенді жүргізу қажеттілігімен байланысты.

Жоба Ү. Бестереков атындағы «Су сапасын мониторингтеу және су технологиялары» зертханасында орындалатын болады.
Сонымен қатар PhD Перизат Жақсылыққызы «Елдің зияткерлік әлеуеті» басымдығы шеңберінде «Жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, инклюзивті білім беру жағдайында педагогтардың кәсіби қажуын болжау және алдын алу моделін әзірлеу» жобасы бойынша грант жеңіп алды. Гранттың қаржы көлемі 87 млн теңгеден асады. Жобаның мақсаты — жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, инклюзивті білім беру жағдайында педагогтардың кәсіби қажуын болжау және алдын алу моделін әзірлеу.

Ұсынылған ғылыми-техникалық жобалар әлеуметтік-экономикалық және практикалық маңыздылығы жоғары және отандық ғылым мен білім беру жүйесі үшін маңызды болып табылады.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚУ

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды