Шымкент: Ғабит Сыздықбеков шаһарды дамыту бағытын пысықтады

20 мамыр, 13:52

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы және су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары баяндалды. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атқарылған жұмыстармен қатар, кенеге қарсы санитарлық өңдеу шаралары талқыланды.
Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов тұрғындармен кездесулерде көтерілген жол, қоғамдық көлік, инфрақұрылым, көгалдандыруға қатысты мәселелердің шешімін жеткізді. Осы орайда шаһар басшысы халықпен кері байланысты нығайтып, барлық түйткілді дер кезінде, оңтайлы шешуді тапсырды.
Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қ.Базарбаев су айдындарындағы қауіпсіздікті қамту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Бұл ретте жауаптыларға қауіпті су айдындарында арнайы белгілер орнату бойынша және қала аумағындағы барлық су бұрқақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде нақты тапсырмалар берілді.


Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысының міндетін атқарушы Т.Мекамбаев кенелерге қарсы санитарлық өңдеу шараларын жеткізді. Сала басшысына бұл ретте саябақтарда залалсыздандыру жұмыстарын атқару тапсырылды.
Жиында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Шымшаһарда 142 мыңнан аса адам, 962 өндірістік пен кәсіпкерлік нысан, 603 әлеуметтік нысан қатысып, 6311 бірлік техника жұмылдырылған айтылды. Осы тазалық науқаны кезінде 6 мың шақырымнан астам көше, 5 мың шақырымнан астам аяқ жол, 724 шақырымнан астам ирригациялық жүйе, канал мен арық тазаланып, нәтижесінде 5671 тонна қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, қалада жалпы ұзындығы 891 шақырым 443 магистраль көшені санитарлық тазалауға, абаттандыруға және күтіп ұстауға 5 мердігер ұйым жұмылдырылған. Күн сайын көшелерді тазартуға 2500 жұмысшы шығады, 150 арнайы техника жұмылдырылады. 50 адамнан құралған бригадалар қоғамдық орындар мен автобус аялдамаларында, сондай-ақ саябақтар мен скверлерде тазалық шараларын жүргізеді. Күн сайын тротуарлар, суару жүйелері, қала көшелері мен қоғамдық алаңдар тазалануда. Қала көшелерін механикалық тазарту жұмыстары да кестемен атқарылады.
Магистраль көшелер маңыздылығына қарай үш санат (I санаттағы көшелер – 67 көше, II санаттағы көшелер – 157 көше, III санаттағы көшелер-219 көше)
бойынша жиналады. Сондай-ақ жасыл желектер 21 ұңғыма арқылы суырылып, 20 мың шаршы метр жерге көгал егілді.
Қала әкімі тиісті сала басшысына тазалық жұмыстарын тоқтатпай, алдағы уақытта да осы бағыттағы шараларды жүйелі атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне халыққа берілген барлық уәделерді дер кезенде орындау қажеттігін ескертті.
JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде