jasqazaq.kz

Шымкент: Фосфоршылар сарайының орнына заманауи ғимарат салынады

26 шiлде 2024, 15:09


Өткен ғасырдың 90-жылдарында елімізде жүргізілген жекешелендіру нәтижесінде көптеген ғимараттар жеке меншіктің қолына өткені мәлім. Сондай ғимараттың бірі – Шымкент қаласындағы әйгілі «Фосфоршылар сарайы». Аталмыш Мәдениет сарайы 1975 жылы салынған. Кеңестік кезеңдегі сәулет өнерінің туындысы болған мәдениет ордасы жеке меншікке өткеннен кейін ұзақ жылдар бойы қараусыз қалды. Ақыр соңында тоналып, бетондары қиратылып, арасындағы арматуралары кесіліп, ғимарат конструкциясына зор зақым келтірілген. 2023 жылдың қараша айында «Фосфоршылар сарайы» коммуналдық меншікке өткеннен кейін, сарапшы мамандар сарайдың жай-күйін сараптай келе, оны қалпына келтіру мүмкін еместігін дәлелдеді.
Сондықтан ескі ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданып отыр. Дегенмен оның орнына «Фосфоршылар» сарайының тарихи келбетін сақтай отырып, жаңа, қазіргі заманға сай мәдениет сарайы салынатын болды. Жаңа ғимарат жер сілкінісіне мейлінше төзімді болады.


Осы мәселеге қатысты Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірігіп, «Фосфоршылар сарайының» ғимаратының бұзылатыны жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Айгерім Әбдіоқапқызының айтуынша, тарихи сарай бұзылып, орнына заманауи, жайлы ғимарат тұрғызылады.
Жаңа ғимараттың құрылысымен «Сәби» қайырымдылық қоры айналысатын болады. Жұмыс ескі ғимарат бұзылғаннан кейін, күзде басталады деп жоспарлануда. Қордың тапсырысы бойынша, мамандар болашақ мәдениет сарайының толық дизайн-жобасын әзірлеп қойды.
Жобаға сәйкес, тарихи болмаса да, соған жақын қазіргі заманғы параметрлік ою-өрнектер қосылады. Оның негізінде қазіргі заманғы стильге сай келетін көркем ромб бар. Осылайша, тарих пен қазіргі заман арасындағы берік байланыс сақталып қалмақ. Бұл ғимараттың сәулетіне көрік қосып, құндылығын арттыра түсетіні сөзсіз.
Мәдениет сарайының құрылысы аяқталғаннан кейін, онда түрлі өнер мен кәсіпті, пайдалы дағдыларды үйренгісі келетін адамдарға арналған үйірмелер ашылады деген жоспар бар.
Шымкент қаласының әкімдігі жаңа ғимарат қала тұрғындарын ерекше қуанышқа бөлейтініне сенімді. Аумақты абаттандыру да ұмыт қалмаған. Сарайдың маңына гүл мен ағаштар отырғызылып, субұрқақтар, аллеялар, балалар және спорт алаңдары салынады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр