jasqazaq.kz

Шымкент: Этномәдени бірлестік көшбасшыларының кездесуі өтті

01 қыркүйек 2024, 14:51

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан мен мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин бастаған жұмыс тобы Шымкент қаласында іссапармен болып қайтты.
Олар Шымкент қаласының «Достық үйінде» қалалық этномәдени бірлестіктер мен этнос көшбасшыларымен кездесіп, «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынды қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова жүргізді. Астанадан келген қонақтар Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының 33-сессиясы мен Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында айтылған тұжырымдары мен берілген тапсырмалардың орындалуын талқылады. Сонымен бірге қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайын пысықтады.
Ғалымжан Махан Қазақстан халқы Ассамблеясының ел аумағында атқарып жатқан істері Ұкімет назарында екендігін айты. Қоғамдық келісім мен жалпыұлтық бірлікті нығайту жолында сарапшылардың жұмыстарына тоқтап, алдағы жоспарлармен таныстырды. «Қазір еліміздегі этностарды ұйыстырып отырған Ассамблея отаншылдықты дәріптейтін институт ретінде дамып келеді. Былтыр Ақсақалдар кеңесі мен этномедиация институты құрылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға Президентіміздің өзі оң баға беріп, одан әрі жандандыруды тапсырды. Қазір елімізде этносаралық алауыздықтың алдын алу жұмыстары тиімді жүріп жатыр. Ассамблеяның басты миссиясы барлық этностарды қазақ халқының қасына ұйыстырып, бір шаңырақ астына жинау. Қазақстан – бейбітшілікті ту еткен, 100-ден астам этнос өкілін бауырына басқан киелі мекен. Біз демократияға ден қойған құқықтық елміз. Бұл ретте еліміз 100-ден аса халықаралық конвенцияға, келісімге, декларацияға қол қойған. Қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды.
Бұл орайда, бүгінгі кездесудің бәріміз үшін маңызы жоғары деп есептеймін. Толеранттылық қағидасын ұстанып, біртұтастыққа сына қағушыларға иммунитет қалыптастыруымыз керек. Әрине бұл тұста Ассамблеяға артылар жүк ауыр. Сондықтан бұл институтты жан-жақты жаңғырту жұмыстары жалғаса бермек», — деді Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин.
Қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов, корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан және басқа да ассамблея мүшелері Мемлекет басшысы айқындап берген жалпыға ортақ құндылықтарды халық арасында кеңінен насихаттау бойынша Шымкентте атқарылып жатқан кешенді шаралар туралы баяндап, «Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы күндерде көзіміз жетті», -деп атап көрсетті.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда