Шымкент: Есірткімен күрес — ортақ міндет

11 маусым, 14:31

26 маусым — Халықаралық есірткімен күрес күні. ХХІ ғасырдың тажалы – есірткіге қарсы күрес бүкіл дүние жүзінде жүріп жатыр.

Статистикаға қарасақ, соңғы кезде елімізде синтетикалық есірткіні тұтыну деректері артқан. Соңғы үш жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өскен. Мұның себебін мамандар синтетикалық препараттардың арзан және қолжетімді болуынан деп түсіндіреді. Сондықтан есріткіге қарсы күрес бір сәтке де тоқтамауы тиіс. Шымшаһарда бұл бағытта үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгін Шымкент қаласындағы Психикалық денсаулық орталығында ашық есік күні өтті. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға колледж студенттері мен қала тұрғындары қатысты. Қызығушылық танытқандар арнайы мамандардың қабылдауында болып, кеңес алды.

Жалпы жыл сайын елімізде 200 мыңнан астам оқушылар мен студенттерді қамти отырып, 3,5 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы жылдың басынан бері елімізде 2 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жыл сайын нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алу мәселелері бойынша БАҚ өкілдерімен де жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ медициналық мекемелердің бірігуімен аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар өткен.

Қазіргі таңда есірткінің залалы құзырлы органдар тарапынан жан-жақты насихатталуда. Шымкент қаласындағы Психикалық денсаулық орталығы есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша жастарға арналған түрлі форматтағы кездесулер, семинар мен тренинтерді жиі өткізді. Барлық ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты айқын – есірткінің таралуына жол бермеу.

«Есірткіге тәуелділіктің бірден-бір себебі отбасындағы тәрбиенің дұрыс берілмеуінен, — дейді Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаев. Ол профилактикалық сипаттағы шаралар кешені маңызды да тиімді бағыт екенін жеткізді.

«Бүкіл әлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімін табады. Нашақорлық қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, есірткіге елтитіндер азайған жоқ. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күрессек, алынбас қамал жоқ», — деді бас дәрігер.

Жиында студенттер дәріс тыңдаудан бөлек, емделіп, тәуелділіктен айрылған азаматтармен де тілдесті. Олар өздерінің қате басқан қадамдарын айта келе, өмірден опық жегендерін, сондықтан, бұндай қадамға бару болашақтарына балта шапқандықпен бірдей екендіктерін жеткізді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде