jasqazaq.kz

Шымкент: Есірткі жарнамасын таратуға жол берілмейді

18 мамыр 2024, 23:48

Есірткі саудасында жарнама құралы ретінде әлеуметтік желі, граффити суреттер кеңінен қолданатыны белгілі. Жастар мен жасөспірімдер әлеуметтік желіде түспейтін бүгінгі заманда мұндай жарнаманың ел болашағына зор қауіп төндіретінін аңғару қиын емес.

Сондықтан Шымкент қаласының Полиция департаменті есірткімен байланысты қылмыстардың жолын кесумен қатар, оның алдын алу мәселесін қай кезде де назардан тыс қалдырмайды.

Осы орайда, Полиция департаменті басшылығының нұсқауымен есірткі жарнамасы және оны насихаттауға қарсы тұрақты негізде қала аумағында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ішкі істер министрлігі басшылығы қойған міндеттерді орындау мақсатында есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу стратегиясы тұрақты түрде жетілдіріліп келеді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, былтырғы жылы полиция қызметкерлері 2 мыңнан астам есірткі жазбаларын анықтап, олардың көзін жойды. Бұл бағытта өткен жылы бірқатар науқандар өткізілді. Оған мүдделі мемлекеттік органдар, коммуналдық қызметтер, партия өкілдері, жастар мен еріктілер жұмылдырылды.

Биыл  да осындай жұмыстар жалғасын тауып, төрт айда тағы 3 мыңға жуық жазбалар анықталды. Олар арнайы бояулармен өшірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүргізіледі.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері осы жазбаларды қалдырған тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершілікке тарту мақсатында жұмыстар атқаруда.Осы орайда, полиция қызметкерлері қала тұрғындарынан аталған мәселеге бей-жәй қарамай, есірткі жазбаларын қалдырудың куәсі болған жағдайда бірден «102» арнасына хабарлауды сұрайды.

Сондай-ақ есірткі заттарын насихаттағаны және жарнамаланғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды