Шымкент: есірткі таратушыларға қарсы ымырасыз күрес

09 мамыр 2024, 1:40

Елімізде есірткінің таралуына қарсы күрес күшейді. Бұған үнделікті жария етілетін құқық қорғау органдарының мәліметтері дәлел. Жуырда Шымқаланың полициясы аса ірі көлемдегі мефедронның таралуына жол бермеді. Шымкент ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі заттарын өткізумен айналысып жүрген Алматы тұрғынын құрықтады.

20 жастағы жігіт өзімен бірге қытырлақ картоп (чипсы) қаптамасына салынған синтетикалық есірткіні тасымалдапты. Оның жалдамалы пәтерін тексергенде ұнтақ салынған полиэтилен пакеттер және 150-ден астам есірткі орамалары табылды. Тәркіленген мефедронның жалпы салмағы 3,5 келіні құрады.

Сондай-ақ Қаратау ауданының учаскелік инспекторлары синтетикалық есірткі тасымалдаушының жолын кесті. Полицейлер есірткі курьерін «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізу барысында байқап қойды. Көше бойында тәртіп сақшыларын көре салысымен қашқалақтап, тайып тұрмақшы болған жігіттің әрекетінен күдіктенген тәртіп сақшылары оны дереу тоқтатты. Тексерген кезде оның сөмкесінен 35 есірткі орамасы мен жасырын орынды қазып дайындауға арналған бұрағыш құралы табылды. Ұсталғанға дейін 10 орынға есірткі заттарын тығып үлгергені анықталды. Олардың барлығы табылып, тәркіленді.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңмен тыйым салынған есірткі заттарын пайдалану, сақтау, өсіру, сату сынды қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында үздіксіз жұмыс жүргізеді.

Полиция қызметкерлері егінжайларды аралау, аула, үй маңындағы аумақты мұқият тексеру нәтижесінде, есірткі сайттарын жарнамалайтын жазбаларды анықтап, ғимараттардың қабырғаларынан синтетикалық есірткілердің жарнамаларының граффити-жазбаларын өшіреді немесе алып тастайды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ғаламтор арқылы есірткі сату, жарнамалау деректеріне мониторинг жүргізеді.

Заңға қайшы жарнамалар анықталса, оны жариялаған сайттар  бұғатталады. Оған қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.

Құқық қорғау қызметкерлері граффити жазуларын енгізгені және интернет желісінде көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін Қылмыстық кодекске сәйкес 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал жалпы білім беру мекемелерінде есірткі заттарын өткізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.

Сондықтан Шымкент қаласы полиция департаменті қала халқын есірткінің таралуы туындайтын жәйттерге тап болған жағдайда, қылмысқа қарсы бірлесіп күресу үшін 102 арнасына хабарлауға шақырады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент ПД баспасөз қызметі

28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?
07 сәуiр, 14:29
Көктемде психикалық аурулар неге асқынады?
01 сәуiр, 19:13
Саудада достық жоқ
31 наурыз, 16:10
Мақта кластері: Шикізаттан –дайын өнімге
31 наурыз, 15:45
Астана – даму драйвері