Шымкент: Еңбек ұтқырлығын қалай арттыруға болады?

16 сәуiр, 16:01

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында еңбек саясатын жүзеге асыру мақсатында түрлі шаралар қолға алынған. Соның ішінде жұмыспен қамту, оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде көшіру бағдарламаларына айрықша мән беріледі.

Күні кеше халықты мемлекеттік қолдау жобасы жайында құлағдар ету үшін ақпараттық керуен шағын аудандарды аралап, тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, арнайы топтың құрамында қалалық Әл-Фараби ауданы мансап орталықтарының өкілдері бар. Мамандар «Қырғы» базар мен Төле би даңғылы және Орталық мешіт маңында барып, тұрғындарға жоба туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.

Қазір елімізде еңбек ұтқырлығын арттыру үшін тұжырымдама шеңберінде оңтүстік халқын ерікті түрде солтүстік өңірлерге қоныстандыру саясаты жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Мамандар тұрғындарға осы бағдарлама мен мемлекеттен берілетін көмек жайында мәлімет берді.

Биыл Әл-Фараби ауданында аталған жоба бойынша бойынша 63 отбасыны (250 адам) солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныстандыру жоспарланып отыр. Ал «Жастар практикасы» бағдарламасы асясында 711 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған.

Сонымен қатар, «Жастар практикасы» жобасымен диплом алатын жастарды жұмысқа тарту бойынша түсіндіру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Оқу орнын енді тәмамдаған жас түлек үшін бұл бағдарламаның маңызы зор. Арнайы топ өкілдері жастар қауымына жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы жайында түсіндіріп, ақпараттық парақшалар таратты.
Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жастарды «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысуға шақырады. 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында ұйымдастырылатын жастар практикасы уақытша жұмыс орны ретінде қарастырылған. Бұл білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында ұйымдастырылатын 6 айлық жұмыс.

Бағдарлама талабына сай, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» деген мәртебесі болуы шарт. Жобаға мамандығы бойынша соңғы үш жыл ішінде еңбек өтілі жоқ жоғарғы оқу орындары мен колледждердің түлектері қатыса алады. Бағдарламаға қатысуға ниетті жастар тіркелген мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады.
Айта кетсек, биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2000 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жастар практикасы бойынша тәжірибе жинақтап жүрген түлектерге 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жалақы төленеді.

Былтырғы жылы 2500 мыңнан астам жас осы бағдарлама арқылы жұмыспен қамтылып, оның 1300-ге жуығы тұрақты жұмысқа орналасты.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі

Бүгін, 12:17
Өткен жылы Алматы кітапханаларына 3 миллионнан астам оқырман келген
Бүгін, 12:04
Түркістан: Учаскелік полицейдің қоғамдағы жауапкершілігі жоғары
16 мамыр, 15:19
Түркістан: Полиция мектеп оқушыларына қауіпсіздік шараларын түсіндірді
15 мамыр, 16:48
Түркістан: Алимент, авторлық құқық және сот сараптамасы
15 мамыр, 15:56
Түркістан: Өткен жылы 7 184 адамға тегін заң көмегі көрсетілген
15 мамыр, 15:36
Түркістан: Сарыағаш полициясы профилактикалық жұмысты күшейтті
15 мамыр, 14:16
Түркістан: Полиция жастарды қауіп-қатерден сақтандырады
14 мамыр, 15:10
Түркістан: Полиция браконьерлерге қарсы аяусыз күрес жүргізеді
14 мамыр, 13:56
Дамира Нұрғожаева: «Сервистік әкімдік» халықтың атқарушы мемлекеттік органдарға сенімін арттырады