Шымкент: еңбек қорғау саласындағы үш жақты келісім

09 мамыр, 1:07

Әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер немесе олардың өкілдері, жұмыс берушілер немесе өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың арасындағы еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мен мүдделердің тоғысуын қамтамасыз етуге бағытталған өзара қарым-қатынастар жүйесі. Шымшаһарда бұл мәселеге ерекше мән беріледі. Мәселен, жуырда әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның отырысы өтті.

Басқосуда  кәсіподақ қызметін реттеуге қатысты біраз мәселе қаралды. Олар — кәсіподақ бірлестіктері мен кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған өңірлік келісімді бекіту, Шымкент қаласы аумағында еңбек қатынастары саласының және қауіпсіздігінің жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы озық тәжірибелермен таныстыру сияқты мәселелер.

Жиында баяндама жасаған Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша жеке қорғаныс құралдарын таңдау, сақтандыру тарифтері, әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттерді дамыту, мемлекеттік бақылау-кәсіптік тәуекелдерді басқару сияқты тақырыптарға тоқталып өтті.

Шаһардағы бірнеше компания өкілдері «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында тұжырымдамаға сай  атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырып, тәжірибелерін ортаға салды.

Әлеуметтік әріптестік- еңбек қатынастарын реттейтін маңызды құрал екені сөзсіз. Өйткені кез келген уақытта кездейсоқ жәйттер орын алып,  еңбек адамының құқығын қорғау қажеттігі туындауы мүмкін. Шымкентте бұл мәселе кәсіподақ ұйымдарынан қолдау тауып, үш жақты келісім нәтижесімен шешілетініне көз жеткізіліп жүр. Сондықтан, үш жақты келісім алдағы уақытта да күн тәртібінен түспейді.

Мегаполисте жүргізіліп отырған еңбек саясаты еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі сияқты мәселелерді де қамтиды. Осы орайда күні кеше кәсіподақтар орталығының мәжіліс залында» «Еңбек қауіпсіздігі», «Еңбекті қорғау» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға арнайы шақырылған Қазақстан құрылысшылар одағы Шымкент қаласы филиалының өкілі, бас техникалық қадағалау маманы Абдулбақыт Тілеубердиев еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау тақырыбында баяндама жасады.

Жиынға қатысқан кәсіподақ активі мен кәсіподақ мүшелері еңбекті қорғау туралы құнды ақпаратпен танысты.

Сонымен бірге еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын жандандыру және жұмыс орындарына қоғамдық мониторинг жүргізу маңыздылығы айтылды.  Семинарда «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Ақшегірова еңбек дауларын шешудегі медиацияның қолданылуына және еңбек заңнамаларының сақталуына тоқталды. Сөйтіп ол еңбек дауларын орталықтағы «Заң клиникасы» арқылы шешуге шақырды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде