jasqazaq.kz

Шымкент: Ең үздік концепция анықталды

06 маусым 2024, 13:11

Шымкент қаласын дамытуға арналған бағыттың бір і- қаладағы серуендеу алаңдарын қайта жаңғырту. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында жарияланған серуендеу алаңының (бұрынғы балалар темір жолының 2-станциясы) аумағындағы кофехананың үздік концепциясы конкурсына 17 үміткер қатысты.

Арнайы құрылған 9 мүшеден тұратын комиссияның отырысында ұсынылған концепциялар егжей-тегжейлі қаралып, дауысқа салынды. Дауысқа салу барысында, байқаудың негізгі шарттарын ескере отырып қорытынды жасалдщы. Нәтижесінде, байқау арасында көп дауыс жинаған екі үздік концепция анықталды.

Біріншісі — А.Асқаров атындағы Дендросаябақ маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағы бойынша «S.V.U. group» ЖШС-нің концепциясы 7 комиссия мүшесінің оң даусын жинады.

Екіншісі — Қажымұқан атындағы спорт стадионы маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағы бойынша «Milita group» ЖШС-нің концепциясы 6 комиссия мүшесінің оң даусын жинады.

Жалпы жеңімпаз болған жобалардың артықшылықтарын айтатын болсақ. Дендросаябақ маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағындағы «S.V.U. group» ЖШС-нің концепциясында Темір жол станциясының бастапқы кейіпі сақтала отырып, Дендросаябақта спортпен айналысатын қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы киім ауыстыру орны қаралған. Оған қоса, локомотиві бар (паровоз) пойызға ұқсатылған әр-түрлі тематикадағы тамақтану орындары қарастырылған. Сонымен қатар қала тұрғындарының саябақ ішінде демалып, отбасымен серуендеуіне барлық жағщдай жасалады.

Сонымен бірге, Қажымұқан атындағы спорт стадионы маңындағы бұрынғы балалар темір жолының станциясы аумағындағы «Milita group» ЖШС-нің концепциясы ескі вокзалды тематикалық жаңашылдық бағытында құрумен қоса, балалар пойызының вагондарын қайта қалпына келтіріп, ішін кофетерий ретінде қолдану жобасымен ерекшеленді. Бұл да қала қонақтары мен тұрғындары үшін қызықты демалыс орнына айналатыны қуантады. Бұл саябақтардың қала тұрғындары үшін маңызы зор, ең бастысы саябақтағы негізгі орындар сақталады.

Оған қоса, жеңімпаз атанған қатысушылардың қоғамдық тамақтандыру саласында 15 жылдан аса тәжірибелерінің бар екендігі ескерілді.

Бүгінгі таңда, жоғарыдағы аталған нысандарды сенімгерлік басқаруға беру бойынша тиісті құжаттар рәсімделуде.

JQ-Aqparat

Cуреттер: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды