Шымкент: Денсаулық сақтау саласында жемқорлыққа тосқауыл қоятын 11 жоба қолға алынды

14 мамыр, 15:50

Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, жең ұшынан жалғасудың алдын алу үшін Шымшаһарда қандай шаралар жүзе асып жатыр?

Көпшілікті толғандыратын осы мәселеге қатысты Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков бастаған бір топ бас дәрігерлер баспасөз алаңына шығып, өз ойларын ортаға тастады.  Сондай-ақ медицина саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен алдын алу жолдарына тоқталып өтті.

Жиынға Шымкент қаласындағы ауруханалар мен перзентханалар, онкологиялық және кардиологиялық, психикалық денсаулық орталығы, жұқпалы аурулар ауруханасы мен емхана бас дәрігерлері қатысты.

Нұрлыбек Асылбековтың айтуынша, емделушілер мен қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлықпен байланысты шағымдар түсіп жатады.  Бірақ басқарма басшысының айтуынша, көп жағдайда фактілер расталмайды.

Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестегі негізгі құралдарының бірі – ашықтық. Мұны қамтамасыз ету мақсатында басқарманың міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары, бюджеттік орындалуы, бюджеттік бағдарламалар, бюджеттің жоспарлау сатысы бойынша ақпарат «Ашық үкімет» базасында «Ашық бюджеттер» порталында және Басқарманың вэб сайтындағы «Азаматтық бюджет» тармағына салынып өз кезінде нақтылап өзгерту жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық мекемелерде барлығы 2260 бейнекамера орнатылған. Бейнекамералар стационар, перзентханаларға және балалар ауруханасының дәліздеріне т.б медицина ұйымдарының кабинеттеріне орнатылған.

Нұрлыбек Асылбеков: «Кадр мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында жұмыстар атқарылуда. Медицина мекемелеріне жұмысқа қабылдауды ашық және объективті өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою мақсатында денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы 8 қыркүйекте №38-02-04/3956 санды шығыс хатпен қалалық Цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып қазіргі уақытта «i-shymkent.kz» порталы арқылы НR-процесс жүйесін жүргізу қолға алынып, интеграциялау жұмыстары жүргізілген. Бүгінде қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа әкелетін факторларды алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5 жоба пилоттық режимде іске асып жатыр. Шымкент қаласының денсаулық сақтау ұйымдарында жалпы 28 комплаенс офицерлері тұрақты түрде жұмыс істейді», — дейді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңы 

 

 

 

 

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде