Шымкент: Дәнді дақылдар көбірек егіледі

19 сәуiр, 12:26

Ірі өндіріс ошақтары шоғырланған Шымкен қаласы ауыл шаруашылығы өнімдерімен де танымал. Бес жыл бұрын мегаполис республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғанда шаһар аумағына ауыл шаруашылығы жерлері қосылған болатын. Шаһарда биыл 26,5 мың гектар алқапқа егіс егіліп, 86 мың тонна астық пен көкөніс жиналады деп жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шаһар аумағындағы алқаптарда көктемгі егіс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазірге дейін 10 мыңнан астам гектарға дәнді дақылдар егілді. Диқандардың айтуынша, дәнді дақылдар суды көп қажет етпейді. Оның үстіне Шымқалада дәнді дақылдардан дайындалатын малдың жем-шөбіне сұраныс артып келеді. Сондай-ақ, 8,6 мың гектар алқапқа мал азығы, қалған аумаққа майлы дақыл, картоп пен көкөніс тұқымы себілді. Қазіргі таңда көктемгі егіс егу жоспарының 75 пайызы орындалды. Жергілікті шаруа қожалықтары оңтүстік өңірдегі қолайлы ауа райы мен климаттық жағдайды ескере отырып, бау-бақша егістіктерінен мол өнім жинауды мақсат етіп отыр. Бұл ретте жылыжайда көкөніс өсірудің тиімді екені де ескерілуде.

Оңтүстік өңірде өнімділікті арттыруға айрықша мән беріліп отыр. Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, егін шаруашылығы саласын мемлекет тарапынан қолдауы мақсатымен жергілікті бюджеттен 143 млн 226 мың теңге қарастырылған. Осы соманың 122 млн 146 мың теңгесі минералдық тыңайтқыштар құнын субсидиялауға жұмсалады. Сонымен қатар, 20 млн 480 мың теңге тұқым шаруашылығын дамытуға, ал 600 мың теңге пестицид пен биоагенттердің құнын субсидиялауға бағытталады. Сондай-ақ, диқандардың тұқым сатып алу шығындарының бір бөлігін өтеу мәселесі деп қарастырылып жатқан көрінеді.

Көктем ерте келетін бұл өңірде таңертеңнен кешке дейін тынымсыз жұмыс істейтін техниканы қажетті жанар-жағар маймен толық көлемде қамтамасыз етудің маңызы зор. Осы мақсатпен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 36 тонна жанар-жағармай бөлінді. Жалпы аумағы 1870 гектар егіс алқабын құрайтын 5 шаруа қожалығынан жеңілдетілген бағамен берілетін жанар-жағармайға өтінім қабылданды.

Сонымен қатар, көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдетілген бағамен бөлінген жанар-жағармайды таратушы оператор анықталды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен тиісті келісімшарт жасалды. Бүгінде бекітілген кесте бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жанар-жағармайды үлестіру жұмыстары жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды