Шымкент: Даму динамикасындағы өсім және инвестиция

23 мамыр, 14:07

Соңғы жарияланған статистикалық мәлімет Шымкент қаласының 2024 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің динамикасында оң өзгерістер бар екенін көрсетті. Инвестиция көлемі 145,8 млрд теңгені құрап, 3,5 пайызға артты. Мемлекеттік инвестиция көлемі 21,6 млрд теңге, ал жеке инвестиция көлемі 124,2 млрд теңгені құраған.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 39,8 млрд теңгені құрап, 38,7 пайызға ұлғайған. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі — 243,8 мың шаршы метр немесе 117,7 пайыз. Оның ішінде халық есебінен жеке тұрғын үй – 94,6 мың шаршы метр. Ал жалпы сауда көлемі 608,0 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 11,0 пайызға артты.

Ал Шымшаһардың өнеркәсіп саласына 1 млрд 750 млн доллар инвестиция тартылған. Айта кетейік, осы аптада Шымкент қаласының әкім Ғабит Сыздықбеков пен Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Лю Юнмин қалада металлургиялық зауыт салу туралы меморандумға қол қойды. Меморандум алдыңғы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдер аясында жасалды. Өткен аптада мегаполис басшысы инвесторларды аумағында зауыт салу жоспарланып отырған «Темір» индустриялық аймағымен таныстырған болатын.

Жобаны жүзеге асыру барысында компания қала экономикасына 1 млрд 750 млн доллар инвестициялап, мың жаңа жұмыс орнын ашады. Үш кезеңдік металлургиялық зауыт бес жыл ішінде салынады. Жылдық өндірістік қуаты бес миллион тоннаны құрайды. Кәсіпорын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әлемдегі ең озық технологияларды пайдалануды көздейді.

Қала әкімі компания басшылығына мегаполиске қызығушылық танытып, өнеркәсіп саласын дамытуға тікелей инвестиция салғаны үшін алғысын білдірді. Ғабит Сыздықбеков жобаны жүзеге асыруда, оның ішінде қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде шетелдік инвесторлар бүгінде Шымкентте инвестиция тартуға барлық жағдай жасалғанына тоқталды. Зауыт іске қосылса, басқа да бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясы болат өндірісі мен халықаралық саудада үлкен тәжірибесі бар Jiangsu Coastal Steel Group Co., Ltd ірі корпорациясының бөлігі болып табылады.

Сондай-ақ Шымкентте уқаты 500 МВт-қа жететін комбинирленген циклді станса салу жобасы да жүзеге асырылуда. Құны шамамен 700 миллион доллар болатын ивестициялық жоба тұрғындарды сапалы электр және жылу энергиясымен, сондай-ақ ыстық сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, ірі түрік компаниясы Alarko Holding жаңа форматтағы жылыжай кешенін салуда. 650 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жоба жалпы көлемі 500 гектар аумақта екі мың жаңа жұмыс орнын кезең-кезеңмен құруға, азық-түлік қауіпсіздігін және жаңа өндірістерді енгізу арқылы жылыжай бизнесін дамытуға ықпал етеді.

Айдос Құсайынұлы

Суреттер: Шымкент әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде