Шымкент: Бүйрек трансплантациясы және МӘМС шеңберіндегі операциялар

21 шiлде, 10:54


Шымкент қаласының медицина саласындағы жетістіктері көп. Мұндағы клиникаларда күрделі оталар жасалып, емделіп шыққандар ақ халатты абзал жандарға алғысын жаудырып жатады.
№1 қалалық клиникалық ауруханасында 2016 жылдан бері ағза алмастыру отасы жасалып келеді. Шілде айында осы клиникалық аурухана базасында кезекті 221-ші бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды.
Науқастар ерлі-зайыпты, донор — әйелі, ал күйеуі — рецепиент. Бір жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған науқас гемодиализ аппаратына тәуелді болған.


Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде 1975 жылғы ер азаматқа әйелінің бүйрегін хирургиялық жолмен қондырып берді. Қазіргі кезде бүйрегін алмастырған науқастар үйге шығарылды.
Ал №2 ауруханада алғаш рет нейронавигациялық құрылғы көмегімен бас ми ісігіне ота жасалды. Дәрігерлер жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету арқылы 72 жастағы қарияны аман алып қалды.
Науқас соңғы 2-3 айда сол жақ аяғының әлсіреуі салдарынан жүре алмай қалған. МРТ және басқа да медициналық тексеру нәтижелері зейнеткерде мидағы ісікті анықтайды.
Инновациялық технология қолданылған күрделі отаны аурухананың нейрохирург дәрігері Еркін Медетов жасады.
Дәрігердің айтуынша, нейронавигациялық құрылғы ісікті 0,1 мм дейінгі аса дәлдікпен көрсетіп, науқастың өміріне қауіп пен қан жоғалту ықтималдығын азайтады. Ота барысында заманауи нейронавигациялық жүйе көмегімен үздіксіз мониторинг жасалып отырады және мидың тамырлары мен маңызды аймақтарын толық сақтап қалуға болады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалған күрделі ота сәтті өтті. Пациент ауруханадан шыққаннан кейін де дәрігерлердің бақылауында болады.
Сондай-ақ шілде айында тың тәсілмен ми-қан тамырларына ота жасалып, 38 жастағы ер азамат инсульттан аман қалған.
Мұндай отаның бағасы — 6 млн 200 мың теңге. Дегенмен науқастың қалтасына салмақ түскен жоқ. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін жасалған. Бұл операцияны да №2 қалалық аурухананың білікті нейрохирург дәрігері Еркін Медетов жасапты.


Науқасты көптен бері бас ауруы, құрысу мазалап келген. Медициналық тексеру барысында ми қан тамырларының мальформациясы анықталған. Инсульт алуға шақ қалған азаматты аман алып қалу үшін жедел әрекет ету қажет болады.
Нейрохирург Еркін Медетов: «Ашық немесе тамырдың ішімен ота жасауға болады. Ашық ота жасаған уақытта бұл мальформацияны кесіп алып тастаймыз. Тамырдың ішімен болса, онда бітеу отасы жасалады. Біз қазір сол артериовенозды мальформацияны бітеумен айналыстық. Операция ойдағыдай өтті. Науқастың жағдайы жақсы, қазір қалыпқа келді»,– деді.
Жалпы Шымкент қаласы бойынша биыл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 1500-ге жуық жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсету жоспарланған. Ауруханаларда ми-қан тамырларының күрделі бұзылыстарында, жүрек ауруларын емдеуде және бүйрек, бауыр трансплантациясы мен басқа да ауруларда қымбат бағалы күрделі ота түрлері өтіп жатыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде