jasqazaq.kz

Шымкент: Бөбектер үйі тәрбиеленушілерінің тұсауы кесілді

16 наурыз 2024, 10:35

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Бөбектер үйінде Қайырымдылық күні аясында «Наурыз — мерекем, Наурыз берекем» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Бөбектер үйінің тәрбиеленушілері қонақтардың алдында Наурыз мерекесіне арнап өлең оқып, ән айтып, би биледі. Мерекелік іс-шара барысында екі бүлдіршіннің тұсауы кесілді.
Тәй-тәй басып жүрген сәбилердің қонақтарға гүл шоқтарын тарту еткені үлкендердің жүрегін ежіретті. Оларға да демеушілер мен кәсіпкерлер тарапынан әкелінген тәттілер мен ойыншықтар сыйға тартылып, мерекелік дастарқан басында бәрі «Наурыз көженің» дәмін татты.


Айта кетелік, мамандандырылған бөбектер үйнде төрт жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетін төрт жасқа дейінгі 41 бөбек тәрбиеленуде.

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?