jasqazaq.kz

Шымкент: Биыл жатақхана тапшылығы болмайды

20 тамыз 2024, 14:13

Шымкент қаласында техникалық және кәсіптік білім беретін 38 колледж бар. осы 38 колледжде 47 020 студент білім алды. Оның 23 587 студент бюджет шеңберінде мемлекеттік тапсырыс негізінде, 23 433-і ақылы негізде оқып жүр. Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева кәсіптік-техникалық білім беретін колледждердің жұмысына, сондай-ақ шәкіртақы, жатақханамен қамту мәселелеріне тоқталды.

Нұргүл Шәмшиева 2024-2025 оқу жылына еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау мақсатында 11 500 талапкерді мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау шаралары жүзеге асырылып жатқанын айтып өтті.

Алдағы 2024-2025 оқу жылында жұмыс беруші кәсіпорындардың есебінен 15 жекеменшік колледжде 51 талапкерді қабылдау жүзеге асырылады.

Білім басқармасының басшысы: «Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін сұранысқа сәйкес, 5 мамандық бойынша 75 орын бөлініп отыр («Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» МКҚК, «Энергетика және байланыс колледжі» МКҚК, «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» КММ). Бүгінгі таңда, колледждерге 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау шаралары жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам талапкердің құжаты қабылданды. Қабылдау шарасын жүзеге асыру барысында колледждердің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу шараларын қатаң сақтау және құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық жиналыс өткізіліп, тиісті хаттама жолданды», — деді.

Биылғы оқу жылындағы стипендияның мөлшеріне келсек, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығына сәйкес, студенттердің стипендиясын екі есе ұлғайту көзделген. (2023 жыл-50%, 2024 жыл-100%).
Өткен жылы шәкіртақы мөлшері 31 422 теңге болса, биыл 1 қыркүйектен бастап 41 896 теңге, жұмысшы мамандықтарға оқитын студенттерге 43 574 теңге төленеді.

Сонымен қатар, 22 колледж жатақханасында (7 мемлекеттік, 15 жекеменшік колледж) 2393 студент орналастырылған (жобалық қуаттылығы 2 959 орындық).
Оның ішінде 1 160 орындық 7 мемлекеттік жатақханада 800 студент, 1799 орындық 15 жекеменшік колледждердің жатақханасында 1 593 студент орналастырылған.

Студенттердің басым бөлігі Шымкент қаласының және көлік инфрақұрылымы дамыған іргелес аудандардың тұрғындары болғандықтан, шаһардағы колледж жатақханаларында орын тапшылығы мәселесі жоқ.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін
18 маусым, 15:10
Түркістан: Келес ауданында газ тартылып, жол жөнделіп, ауыз сумен қамтылуда
18 маусым, 14:38
Түркістан: Төлеби ауданында тігін фабрикасы іске қосылады
18 маусым, 14:35
Түркістан: Сарыағаштағы кәсіпорындар – аудан экономикасының тірегі
18 маусым, 14:28
Түркістан: Жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс шығаратын зауыт салынады
18 маусым, 14:23
Түркістан облысы мен қытай инвесторлары арасында 7 меморандум жасалды