jasqazaq.kz

Шымкент: Биыл газдандыру 100 пайызға жеткізіледі

09 тамыз 2024, 18:53

Бүгін  энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде облыстың отын-энергетика кешенінің ағымдағы жағдайына тоқталып, қала тұрғындарының жылу мәселесіне, газбен қамтамасыз ету, ЖЭО жөндеу жұмыстарының барысы және алдағы жылу беру маусымына дайындығына қатысты сұрақтарына жауап берді.
Жиында айтылғандай, бүгінгі күні Шымкентті газдандыру деңгейі республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып, 99,9 пайызды құрап отыр.  Бұл 1 млн 173 мың адам табиғи газға қол  жеткізді деген сөз.

Биыл 9 жобаны (4 жалғасуда, 5 жаңа) іске асыру жоспарланған. Соның нәтижесінде келешекте қосымша 80 мыңнан астам адам табиғи газға қол жеткізе алады және газдандыру деңгейі 100 пайызға жетеді.
Сонымен қатар вице-министр 2025 – 2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама шеңберінде «Шымкент қаласының Ынтымақ шағынауданында 110/35/10 кВ кіші станция және 110 кВ электр желілерін салу» жаңа жобасын іске асыруға 5,0 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу қарастырылуда екенін атап өтті.
Осы жобаны жүзеге асырған соң Ынтымақ, Батыс, Солтүстік саяжай, Жаңатұрлан, Темірші әулие шағынаудандарымен Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігіндегі жаңа әуежай терминалының 45 мыңға жуық тұрғыны үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Тағы бір маңызды бағыт – сұйытылған мұнай газы нарығы. Шымкент қаласында сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек бағасы 1 литр үшін 70 теңгені құрады.
Өңірде 4 газ толтыру станциясы және 192 автомобильге газ құю станциясы бар.
Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында 68 мың тоннаны құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңінде шамамен 59 мың тонна тұтынылды.
«Біз ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын және бағаның алыпсатарлық жолмен көтерілуіне жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, сұйытылған мұнай газы нарығын реформалау жөнінде шаралар қабылдап жатқанымызды атап өткім келеді. Бұл шаралар сұйытылған мұнай газын сатудың шекті бөлшек бағасын белгілеу арқылы бөлшек сауда бағасының күрт өсуін болдырмауға мүмкіндік береді», — деді Е. Ақкенженов.

Кездесуде вице-министр тұрғындарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.  Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерімен Шымкент қаласын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Оған қоса, сұйытылған мұнай газын  аймақтар бойынша бөлуде нормативтік-құқықтық актілерге қатысты мәселелер қаралды.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?