Шымкент: Биыл 4,9 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты

30 мамыр, 14:12

Шымкент қаласында биыл 4,9 мың адам жұмысқа орналасты. Ал жұмыс берушілердің сұранысы бойынша 1110 адам кәсіптік оқытудан өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева «Отырар» телеарнасының «Халық&Билік» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Алдымен басқарма басшысы халықты әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және қайтарымсыз грантқа өтінім беру тағырыбында баяндама жасап, бүгінге дейін атқарылған жұмыстар жайында баяндап, бағдарлама жүргізушісінің сұрақтарына жауап берді.
Жанат Өтебаеваның айтуынша, биыл қалада 30,2 мың адам жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделіп, бүгінге дейін нақты оған 12 мың адам қатысқан. Оған қоса, 26,4 мың адамды жаңадан құрылатын жұмыс орындарына жолдау көзделіп, есепті кезеңде 4,9 мың адам жұмысқа орналасқан.

-Халықты жұмыспен қамту шараларына қатыстырудың тағы бір тетігі – қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Бұл бағыт бойынша биыл 3 732 адамды кәсіптік оқуға қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде, 2 530 адам онлайн оқыту болса, есепті кезеңде нақты 1712 адам қатысты. 1 110 адам жұмыс берушілердің сұранысы және жұмыс берушілердің өзінде ұйымдастырылатын жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіптік оқытуға жолданады. Сонымен қатар, Субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту жоспарланып, жыл басынан бері нақты 4 679 адамға жолдама берілді, — деді басқарма басшысы.

Соңғы жылдары жұмыспен қамту шараларын күшейту арқылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда отбасы саны 31,6% азайып, 6 804 отбасыны құрады. Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 2023 жылдың 4 аймен салыстырғанда -31,6% төмендеген.

Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы – ол азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни жаңа бизнес идеяларды іске асыру болып табылады. Осы ретте мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған қайтарымсыз грант беру бағдарламалары жүзеге асатын болады. Жастарға, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалар да алдағы уақытта жүзеге асатын болады. Биылғы жоспар бойынша екі лек негізінде 426 адамға қайтарымсыз қаржы беру жоспарланып отыр. Осы жылдың 20-31 мамыр аралығында қайтарымсыз қаржыға өтінім қабылданып жатыр.Құзырлы органдар тарапынан мемлекеттік бағдарламаларды халыққа тисіндіру, үгіт*-насихат жүргізу жұмыстары жалғасуда.

Әлима Әлмерек

Суреттер Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде