jasqazaq.kz

Шымкент: «Бірлік керуені» Астанаға аттанды

03 қыркүйек 2024, 16:00

Елорда төрінде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына санаулы ғана күндер қалды. Айтулы шараны өткізу аясында спорт жарысынан бөлек мәдени әрі ғылыми бағдарламалар да қолға алынған. Осыған орай жылдың ең маңызды оқиғасы саналатын шараны қолдауға және оны халық арасында насихаттау мақсатында Шымкент қаласында «Бірлік Керуені» жобасы басталды, деп хабарлайды Шымкент қаласының дене шықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

«Бірлік керуені» жобаның мақсаты барлық өңірде мәдени бағдарламаны үздік өңірлік этникалық жобалармен толықтыруға, сондай ақ, ұлттық спортты барша қазақстандықтар арасында кеңінен насихаттауға арналған. Шырайлы шым шаһардан да дүбірлі додаға қолдау көрсету мақсатында керуен елордаға аттанды.
Ең алдымен керуен сапары қасиетті Қошқар ата бұлағынан бастау алды. Бұл жерден көшпенділер ойындарының басты нышаны және негізгі элементі – қасиетті су алынды. Әр өңірден жолға шыққан делегация торсыққа құйылған суды Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында тайқазанға құяды. Бұл елдің бірлігін, тұтастығын және өзара ынтымақтастығын көрсетеді.

Салтанатты көшке жиналған қауым «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің алдына жиналды. Әсерлі театрландырылған көрініс көрсетіліп, әуелеген ән шырқалды, мың бұралған бишілер өнер көрсетті.

«Бірлік керуені» алдында белгілі былғары қолғап шебері Мұхтархан Ділдәбеков сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, батасын берді. Абыз ақсақал бұлақ суы құйылған құмыраны аманат етіп көш бастаушыға ұсынды. Құрметке ие болған керуен елордаға қарай бағыт алды.

– Қазіргі таңда біздің өңірден спорттың 10 түрінен 18 спортшы Астана қаласына жетіп, соңғы дайындық жаттығуларын өткізіп жатыр. Өңірдің өз стилінде безендірілген «Керуен» құрамында су толтырылған ыдыспен бірге, Астанаға ойындардың мәдени бағдарламасына қатысатын шығармашылық топтар да кетті, – дейді Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков.

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары. Жарыстар Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған.

Ойындарға 100-ден астам елден 4 мыңға жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отыр.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр