jasqazaq.kz

Шымкент: Білімді ұрпақ — ұлт болашағы

21 мамыр 2024, 20:22

Еліміздің оқу-ағарту министрлігіне қарасты орта білім беру комитеті 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының басты мақсаттарын орындау аясында, сондай-ақ атқарылып жатқан жұмыстарды педагогикалық және ата-аналар қауымы арасында кең насихаттау мақсатында «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында Асқарбек Қабыкенұлы Құсайыновтың ашық дәрісін өткізді.

Ашық дәріс Шымкент қаласы С.Нұрмағамбетов атындағы №72 ЖОББМ базасында ұйымдастырылды.

Асқарбек Қабыкенұлы Құсайынов Германияның доктор-инженері (1979), педагогика ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999), Педагогика Ғылымдар Академиясының президенті, Абай атындағы ҚазҰПУ мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001), «Парасат» орденінің иегері (2019), «Педагогика ғылымын дамытудағы еңбегі үшін К.Д.Ушинский медалімен (Ресей, 2007) марапатталған.

Қазақстанда Салыстырмалы педагогика (СП) ғылымының негізін салған, Бүкілдүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдары кеңесінің (СББҚИ) (2006) және Оңтүстік шығыс Азия елдерінің СББҚК (2009) Ақтарушы комитетінің мүшесі, Есімі Халықаралық салыстырмалы білім беру энциклопедиясына енген (2011) және Әлемдегі көшбасшы компаративист ғалымдарының қатарында жазылған (А.Н.Джуринский, СП. М., 2013, 26 б.).

Қазақстан мен шет елдердің 15-ке тарта академиялары мен жоғары оқу орындарының академигі және құрметті профессоры. 250-ден аса ғылыми еңбектердің авторы. Жеке өзі үш оқулықтың, 7 монография, 4 кітап, 100-ге тарта ғылыми мақалалар және бұқаралық ақпарат құралдарына 130-ден аса мақала жазған. Оған қоса, Scopus және Web of журналдарына 10-нан аса мақаласы жарияланған.

Ашық дәріске әдістемелік орталөөық басшылары, әдіскерлер, ата-аналар комитетінің жетекшілері, білім мекемелерінің бірінші басшылары, директор орынбасарлары, жалпы саны 500-ден астам мұғалім қатысты.

JQ-Aqparat 

Суреттер: Шымкент қаласы Білім басқармасы

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?